Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқаштағы әуе апатынан аман қалған жолаушы оқиға туралы айтып берді

25 тамыз күні Балқаш ауданы аумағында болған әуе апатынан аман қалған Орынғали Зикербаев оқиға туралы баяндап берді.

2017082514334416833_photo_verybig_766448-620x350

Зардап шегуші ем қабылдап жатқан №7 аурухананың бас дәрігері Марат Абдуллаев оқиға болған жерге жақын маңда сол аурухананың дәрігері Виктор Дарницынның демалып жатқанын, сол зардап шегушіге алғашқы көмек көрсеткенін айтты.

“Ол өзінің демалысын тоқтатып, осы тікұшақпен емделушімен бірге ұшып келді. Қазіргі уақытта емделушінің жағдайы қанағаттанарлық. Ауыр апатқа түскеніне қарамастан ол хирургиялық емдеуді қажет етпейді, тек сауықтыру шараларын қолданып жатырмыз. Ол тезірек аяғынан тұрып кетеді деп үміттенемін”, – деді Марат Абдуллаев.

Журналистермен кездесуге бақытқа орай оқиға болған жерден табылған дәрігер-травматолог Виктор Дарницын да келді.

“Мен еңбек демалысында болған едім, достарымызбен балық аулауға бардық. Сол уақытта 300-400 метрдей жерге ұшақ құлады. Мен бұл туралы жергілікті тұрғындардан білдім. Олар дәрігердің осында демалып жатқанын білген. Мен жеткен кезде жолаушыны ұшақтан шығарып жатты. Ол есін жоғалтпаған, сөйлеп жатты. Мен оған алғашқы медициналық көмекті көрсеткен соң, ауруханаға алып кетті”, – дейді Дарницын.

“Құлаққап киіп алған едік, ештеңе естімедім. Пилот мотордың жұмыс істемей қалғанын айтқан соң, кірпік қағып үлгергенше жерге құладық. Пилоттың қайтыс болғанын дәрігерден естідім. Ұшақ пилот отырған жерге қарай қапталдап құлады, ол мұны әдейі солай істеген сияқты”, – дейді зардап шегуші Орынғали Зикербаев.

Еске салсақ, АҚШ-та жасалған МAULE М-7-260С маркалы ұшағы Балқаш ауданы аумағындағы Жиделі ауылының тұсына құлады. Әуе апатынан 63 жастағы пилот Анатолий Меньшиков қаза тапты.

Жолаушы көптеген жарақаттар алған: терісі сыдырылып, жамбас сүйегі сынып, омыртқасы жараланған. Оқиғаға байланысты ҚР ИДМ транспорттық оқиғалар департаменті тексеруді бастап кетті. Бұл бір ай ішінде облыс аумағында орын алып отырған үшінші әуе апаты. Жалпы үш әуе апатынан 5 адам қаза тапты.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда 11 жасар оқушы қыз баланы педофилден құтқарып қалды

Бас мүфти: Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу міндет емес

Атырауда 17 жастағы қыз 11 үйді тонап кетті

ОҚО-да 17 жастағы қыз күйеуге шығу үшін өз үйінен қашып кеткен

Талқылау