Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқашта жоғалған 15 жастағы қыздың денесі көлден табылды

Балқашта жоғалған 15 жастағы қыздың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Полицияның мәліметінше, кеше кешкілік жергілікті тұрғыннан 15 жастағы қызының жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Азамат арызында күндізгі сағат 16:00 шамасында қызы би үйірмесіне шығып, одан оралмағанын айтқан.

“Іздеу жұмыстарына қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері дабыл жүйесі бойынша көтеріліп, іздеу басталды. Баланың болуы мүмкін деген такси және көлік тұрақтары тексеріліп, қала жолдарындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу, барлық аулаларға қарау жұмыстары жүргізілді”, – делінген хабарламада. 

Жасөспірімді іздеуге 130-дан астам полиция қызметкері мен ерікті жұмылдырылған.

Іздеу жұмыстары барысында 11 желтоқсан күні Балқаш көлінің жағасынан жоғалған қыздың киімдері табылды. Осы уақыттан бастап көлдің аумағын қарау жұмысы жүргізілді. Сағат 13:36 шамасында көлден 40-50 метр қашықтықта, 2,5-3 метр тереңдікте қыздың мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Талқылау