Балқашта 63 жастағы көлік жүргізуші самокат мінген баланы қағып, үстінен басып өткен (видео)
Балқашта 63 жастағы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде самокат келе жатқан 8 жасар баланы қағып, үстінен басып өткен. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға орнында түсірілге видео әлеуметтік желіде тарап кеткен. Оқыс оқиға Желтоқсан көшесінде болған. Самокат мінген бүлдіршін жаяу жүргіншілер өткелінен кесіп өтіп бара жатқан. Бейнежазбада көліктің алдымен оны қағып, сосын үстінен басып өткенін көруге болады. Осыдан кейін балаға бірден бір әйел жүгіріп келеді.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді. Департамент оқиғаның 7 мамырда болғанын хабарлады.
- "Қатты қан кетіп, бала дірілдей бастады": Алматы облысында көліктің астына түсіп көз жұмған 12 жастағы баланың өлімі туралы куәгерлер айтып берді
- Қызды қағып, қашып кеткен: Алматыда жалған нөмірмен көлік жүргізген жүргізуші іздестірілуде
“Toyota RAV 4 автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, жол апаты салдарынан 8 жасар жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Факті полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, –деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың жағдайын айтты. Бөлімшенің мәліметінше, сәби ауруханаға бас-ми жарақаты, ми шайқалу, мойын омыртқасының көгеруі, іштің доғал жарақаты, бауырдың оң жақ бөлігінің жыртылуымен түскен. Оған ота жасалған.
“Қазір бала хирургия бөлімінде. Емдеуді жалғастырып жатыр. Баланың жағдайы тұрақты. Қосымша тексеру енгізіледі”, – деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.