Соңғы жаңалықтар

Балқашта екі жасар баланың өлімі: Арнайы комиссия дәрігерлердің әрекетіне баға берді

Арнайы комиссия Балқашта көз жұмған екі жасар баланың өліміне қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жағдай өткен жылдың қазан айында болған. Бала денесінің ауырсынуына шағымданып, оның көзі ісінген. Баланың ата-анасы аурухана дәрігерлеріне жүгінген. Бірақ мамандар баланы ауруханаға жатқызудан бас тартты. Сарапшылар дәрігерлер баланың шағымына мән бермей, үйіне жібергенін айтты.

"Бұл жағдайда медициналық көмекті ұйымдастыруда заңсыздықтардың болғаны байқалады. Диагностикалық шаралар толық орындалмаған. Уақтылы консультация берілмеген. Сондай-ақ дәрігерлер талаптарды бұзған. Комиссиялық сараптама жүргізу бойынша ұсыныстар беріледі. Дәрігерлердің жауапсыздығы баланың өліміне әсер еткені немесе әсер етпегені және кардиомиопатияның мән-жайы нақтыланатын болады", - дейді денсаулық сақтау министрлігі медициналық-фармацевтикалық басқару комитетінің өңірлік бөлімінің басшысы Ольга Смирнова. 

Сараптама баланың екі жақты пневмониядан қайтыс болғанын анықтаған. Оның жүрегі де нашар болған. Оның өлімінде дәрігерлердің кінәсі бар-жоғын тергеу әлі анықтаған жоқ. Осы уақыт аралығында барлық күдіктілер ауруханада жұмысын жалғастыруда. Оларға сөгіс жарияланып, айыппұл салынды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр