Балқаш тұрғыны пойызда біреудің баласын себепсіз сабап тастаған
Балқаш қаласының арнайы әкімшілік соты пойызда өзгенің баласын ұрып-соққан әйелге айыппұл салды.
Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Қарағанды-Семей» бағытында жолға шыққан пойызда азаматша Х. 2007 жылы туған Д. есімді бүлдіршінді соққыға жыққан. Жеткіншек анасымен бірге жолға шыққан. Сот-медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес, баланың денсаулығына зиян келтірілген.
Сот шешіміне сәйкес азаматша Х. 23 825 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді», – делінген соттың баспасөз мәлімдемесінде.
Үкім заңдық күшіне енген жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
СҚО-да алаяқ әйел дуаны “қайтарған” болып елдің ақшасын ұрлаған
Отандық БАҚ-та латынша жазылған алғашқы мақала жарық көрді
Қызылордалық оқушылар мектепке жеткенше екі рет киім ауыстыруға мәжбүр (фото)
Халықты тонауды тоқтатыңыз: Ашынған ата-аналар министр Сағадиевке ашық хат жолдай бастады