"Балықтың орнына мамонт сүйегі": Ақмола облысында балықшы ерекше олжа тапты

Ақмола облысы ауылдарының бірінің тұрғыны Валерий Дубовик ерекше олжаға ие болды. Балық аулауға бара жатқан жолда ол үлкен мамонт сүйегін тапты. Археологтар осылай деп санайды. Бұрын ауданнан ежелгі жануардан қалған түрлі сынықтар табылған болатын, бірақ мұндай көлемдегі сүйек алғаш рет кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Буденовка ауылының тұрғыны Валерий Дубовик тәжірибелі балықшы. Әдеттегідей қармағын сайлап, балық аулауға көрші жақтағы өзенге кеткен. Бірақ бұл жолы таныс, тапталған соқпақпен келе жатып, жерден сыртқа шығып тұрған белгісіз зат көзіне түскен. Нәтижесінде балықтың орнына мамонттың үлкен сүйегі оның олжасына айналды. 

"Мұнда адамдар жиі жүреді, неге олар байқамады, мен білмеймін. Мүмкін, назар аудармаған. Әкімдікке қоңырау шалдым, келді, қарап шықты", - деді Буденовка ауылының тұрғыны Валерий Дубовик.

Ғалымдардың есептеуінше, сүйектің ұзындығы - 1 м 5 см, қалыңдығы 30-ға жетеді. Сақталуы керемет, барлығы өз орнында.

"Бұл шамамен 10 мың жыл бұрын бізде өмір сүрген мамонт сүйегі. Бірақ біз нақты уақытты айта алмаймыз, мүмкін олар біздің мұз дәуірінде 50 мың жыл және 10 мың жыл бұрын өмір сүрген болар. Бізге тек Алматы қаласы Ғылым академиясының палеозоологтары ғана толық мәлімет бере алады, онда біз барлық деректерді жібереміз", - деді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бас ғылыми қызметкері Дана Сұлтан.

Бұған дейін мұндай олжалар Зеренді, Шортанды аудандары мен Жақсы өңірінде табылғаны белгілі. Алайда, ежелгі жануарлардың қаңқасын қалпына келтір үшін әлі күнге дейін көптеген бөліктер жетіспейді. Ал мына олжа ғалымдарға Буденовкадағы жер қабаттарында жетіспейтін фрагменттерді таба аламыз деген үміт береді. 

"Егер бір жерден сүйек табылса, онда бұл жерді әрі қарай зерттеу қажет.  Мұнда сүйектер, бәлкім, тұтас қаңқа немесе мамонт лагері шығуы мүмкін", - деді археолог Рауан Ержанов.

Балықшы тапқан сүйек қалаға жеткізілді.  Мамандар жаңа археологиялық маусым басталған кезде, яғни келер жазда ғана жұмысына кіріседі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр