Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балиева: Баланың ресми өкілімін деген адвокатты екі сағат күттім, келген жоқ

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева баланың адвокатын бірнеше сағат күтіп жолықтыра алмағанын айтты.

«Қолында сенім хаты бар ресми қорғаушыны көрген емеспін. Баланың ресми өкілімін деп хабарласқан қорғаушыны сағат 8-ден 10-ға дейін Шымкенттің қонақүйінде күттік. Бала да, әжесі де күтті. Сіздер маған хабарласа алдыңыздар, ал ол неге хабарласпады?», – дейді Балиева.

Балиева бұл іске қызығушылық танытқан адвокаттарды бала мен әжесінің жанында болуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik.

«Бәрі келіп, әжесі мен баласының қасында болсын. Оның құқығын қорғасын. Бір де бір адвокат жоқ, қайда бәрі?», – дейді ол.

Ал, баланың ісімен айналысып жүрген ресми өкілі Құрманғазы Мүсір сенім хат пен құжаттардың қылмыстық іс материалында екенін айтты.

Тағы оқыңыз:

Менде ақша жоқ: ОҚО-дағы 7 жасар баланың анасы Астанаға келуден бас тартты

Балиева: 7 жасар балаға пәтер беріледі деп айтқан жоқпын

Зағипа Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты: Мектеп директорының кімнің туысы екенінде шаруам жоқ

Талқылау