Балиева: Баланың анасы мен адвокаты Астанаға келеді
Бала құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева 7 жасар баланың анасы мен адвокаты 16 науырзда Астанаға келетінін айтты. Қазіргі уақытта, 7 жасар бала “Асыл бала” орталығының қамқорлығында.
Бұл туралы Sputnik Казахстан жазды, деп хабарлаады Stan.kz.
“Олар маған қоңырау шалды. Біздің қоңырауға жауап бермеп еді. Баспасөз конференциясын өткізгеніміз жақсы болды. Тағы да айтамын, мен өз жеке басым адвокаттарды танымаймын, құжаттарды көрмедім. Мүмкін адвокаттардың көмегі қажет болып қалар. Кімде құжат бар, келіңіздер, біліңіздер”, – деді Балиева.
Оның айтуынша, анасы Астанаға келген бойда баламен бірге болды.
Қазіргі уақытта, 7 жасар бала “Асыл бала” орталығының қамқорлығында. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Баланың әжесі БАҚ өкілдеріне жауап беруден бас тартты.
Айта кетейік, бұған дейін ОҚО-да мектеп оқушыларына 7 жасар оқушыны зорлады деп айып тағылған болатын. Кейіннен 1-сынып оқушысыныңзорланбағаны анықталды. Жәбір көрдім деген баланың өзі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Соңғы мәліметтер бойынша, бұл іске қатысты қызық сәйкестіктер пайда болды.
Тағы оқыңыз:
ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісі: Бас прокурор істі тергеуді тапсырды
Балиева балалар мен отбасын қорғайтын мемлекеттік орган құруды ұсынды
7 жасар зорланған бала Астанадағы “Ана үйіне” жеткізілмеген болып шықты
Зағипа Балиева: 7 жасар бала әкесімен де, анасымен де бірге тұрмайды