Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балиева балалар мен отбасын қорғайтын мемлекеттік орган құруды ұсынды

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева отбасы, балалар мен жастарды қорғау үшін бірыңғай мемлекеттік орган құруды ұсынды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Біздің мемлекетте отбасы, балалар мен жастар мәселесін қарастыратын мемлекеттік орган немесе министрлік, болмаса ведомство болуы керек», – деді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Зағипа Балиева.

Сонымен қатар, ол бүгінгі қоғамда орын алып отырған басты мәселелерді атап өтті. Балалардың жағдайына алаңдаған уәкіл, күн сайынғы болып жатқан оқиғалар туралы айта кетті.

«Күнде балалардың өз-өзіне қол жұмсағанын, олардың  зорлық-зомбылық құрбаны болып жатқанын көріп-естіп отырмыз. Сонымен қатар ит қауып мерт болған,  суға кеткен балалар да бар. Үкімет немесе кез келген әкім, ресми тұлға ең алдымен балаларға қамқорлық көрсету туралы ойлауы керек. Қазіргі кезде отбасылық мәселелер бойынша теңдік жөніндегі комиссияны қоспағанда, бұл саланы қарастыратын  мемлекеттік орган жоқ»,- деп атап өтті Балиева.

Оның айтуынша, Бала құқықтарын қорғау комитеті Білім және ғылым министрлігінің қарамағында болмауы керек. Ол комитеттің тәуелсіз мемлекеттік органда болғаны жөн дейді. Ал БҒМ балаларға білім беру қызметін қамтамасыз етеді.

«Қазіргі кезде оқу үрдісінде балаларға қатысты көптеген мәселелер бар. Ал бала құқықығын қорғайтын комитет осы мәлелелер туралы айтуы керек. Олар министрліктің қарамағында болғандықта,  қоғамдағы орын алып жатқан мәселелер туралы ашып айта алмайды», – деп түсіндірді Зағипа Балиева.

Жіберіп алмаңыз:

7 жасар зорланған бала Астанадағы “Ана үйіне” жеткізілмеген болып шықты

Зағипа Балиева: 7 жасар бала әкесімен де, анасымен де бірге тұрмайды

 Мұратхан Тоқмәди сот үкіміне келісетінін айтты

Деструктивті ағым мүшесіне күдікті: “Асыл арнадағы” Құран сүресін ғана жүктедім

Талқылау