Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балғынбек Имашев қызға ұқсаған ұлдардың көбею себебін атады

Белгілі ақын соңғы кездері қызға ұқсап киініп, майысып, сыланып жүретін жігіттердің жағдайына алаңдайтын болған. Оның сөзінше,  қыз дауысты жігіт қуатсыз болады. Қуатсыз жігіттерден қазақтың саны көбеймейді деген мәселеге ұласады.

Ақынның сөзінше қыз сияқты жігіттердің көбеюіне себеп болып жатқан жағдайлар көп екен.

«Қазір бізде еркек болуға намыстанатын адамдар бар. Олар жігіт болуды ар санайды. Себебі қоғамда еркектің, әкенің, ер азаматтың рөлі мен абыройы жоқ. Мысалы мектепте мұғалімнің 80 пайызы әйел адамдар. Директор да әйел кісі. Қымбат көлік жүргізіп жүрген де қыздар. Ақшалылар мен шалқып өмір сүретіндер де әйел адамдары.

Мансапта, бастық болып отырғандар да әйелдер. Мен бұған еш қарсылығым жоқ. Тек бала мектепте тек әйелдердің тәрбиесінде болса, солардан үлгі алса оның мінезі де соларға ұқсап кетеді емес пе? Сондықтан ер азаматтар өздеріңізді көрсетіп, оқуға, білімге, жақсы жүруге тырыссаңыздар. Сіздерге қарап ұлдарыңыз ер азамат болуға қызықсын.

Аналар үйде баланың көзінше әкесіне сый-құрмет көрсетсе, сыртынан тек жақсылығын айтып баланың алдындағы абыройын өсірсе. Сонда бала да әкесі сияқты болғысы келеді емес пе? Бізде қазіргі таңда ер азаматты езетіндер көп, жігерін құм етіп, таптауды әдетке айналтырғандар жетерлік. Олар соңында ез бала тәрбиелейтінін түсінбейтін болуы мүмкін»,-деп күйінді ақын.

Ақынның өзі қазір төрт ұл бір қыз тәрбиелеп отыр. Отбасында балаларына үлгі болу үшін әйелімен үнемі түсіністікте, жағымды, жылы әңгімелесуге тырысатынын да жасырмады.

«Бала анасына үш мәрте жақсылық жасағаннан кейін барып әкесіне бір рет жақсылық жасауы керек екен. Бұл өте дұрыс. Себебі тоғыз ай жайсыздықты сезінсе де баласын дүниеге әкелетін- ана.

Жаны қиналып, өмірін  қатерге тігіп толғататын да-ана. Түн ұйқысын төрт бөліп екі жыл емізетін -ана. Осы үш қарызы үшін бала анансының алдында үнемі қарыздар. Ал бала үшке толғаннан кейін барып әкесімен анасынан біргелікте тәрбие көреді. Әкенің еңбегі осы кезде сіңеді екен. Әрине анасының жағдайын жасап, баланың аман-есен өмір есігін ашуына үлесі зор болуы тиіс.

Сондықтан сүйіп қосылған ата-ана  баланың көз алдында оған өмір бойына азық боларлықтай сөз сөйлеп, сондай үлгі боларлық әрекеттер жасауға міндетті»,-деді ақын.

Балғынбек Имашев  отбасындағы бала тәрбиесін де мысалға келтіре өтті.

«Ұл ма қыз ба ол ата-ана үшін маңызды емес, бастысы олар- перзент. Менің төрт ұлым  мынау қыздың жұмысы, мынау ұлдыкі деп айырып отырмайды. Жұмыстың жаманы жоқ.

Баланы бір жақсылыққа тәрбиелейтіні анық Қызым ең соңынан дүниеге келді. Ұзақ күттік. Жасы екіде. Ұлдар еденді де жуады, қонақ келсе ыдыс тасып, дастархан жайып аналарына көмектесіп жүреді. Бұл отбасындағы бірлікті білдіреді»,-дейді ақын.

Оқи отырыңыз:

Асылхан Төлепов өзінің той күнінде жетім балаларға дастархан жайды

Мәдина Сәдуақасова күйеуінің қызғанышынан құтылу үшін көмекші жігіттерді жұмыстан шығарған

Баян Мақсатқызының ішімдік ішіп отырған сәті желіні шулатты (видео)

Мейрамбек Бесбаевтың жары әншінің туған күніне ерекше тосынсый жасады (фото)

Талқылау