Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балғамен ұрып, қышқыл төккен: 22 жастағы бойжеткен сүйіктісін 9 ай бойы құлдықта ұстап келген

22 жастағы Джордан Ворт тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін сотталған алғашқы британиялық әйел атанды. Бойжеткен өзінің мүгедек жігітін 9 ай бойы қамауда ұстап, зорлап келген. Бұл ісі үшін ол 7,5 жылға сотталды.

Балғамен ұрып, қышқыл төккен: 22 жастағы бойжеткен сүйіктісін 9 ай бойы құлдықта ұстап келген

Сұлу да сымбатты Джорданды жұрт мейірімді әрі елгезек жан ретінде танитын. Алайда таяуда ел оның қылмысы жайлы біліп, жаға ұстады.Бұл туралы The Sun-ға сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Джордан өзінің мүмкіндігі шектеулі сүйіктісін соққыға жығып, зорлап келген.

Лутон қалалық соты Ворттың ісін қарады. Бір қызығы, тергеу кезінде бойжеткеннің үлгілі тәртібімен ерекшеленгені, мектепті үздік бітіріп, үйсіз жануарларға мен Африкада аш қалған балаларға көмек көрсеткені анықталған. Дәл осы себепті танитын жандар Джорданнан мұндай әрекетті күтпесе керек-ті.

Анықталғандай, қыз 2016 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың маусым айы аралығында жігітке қорлық көрсетіп келген.

Ворт Скилдің өмірін тұтас бақылауында ұстаған. Оның күн тәртібі мен киетін киіміне дейін анықтап отырған. Айтқанын орындамаған жағдайда, ол жігітті балғамен және бұрағышпен ұрған. Тіпті, бірнеше мәрте үстіне қышқыл төккен.

Бойжеткен Алекспен колледжде оқып жүрген кезінде танысқан. Екеуі кездесіп бастағанда жастары небәрі 16-да болатын. Уақыт өте келе қыз бен жігіт бірге тұруға шешім қабылдаған. Жәбірленуші тарап сотта Ворттың әу бастан жігітті қатаң бақылауда ұстағанын дәлелдеді.

Балғамен ұрып, қышқыл төккен: 22 жастағы бойжеткен сүйіктісін 9 ай бойы құлдықта ұстап келген

Айтуларынша, Джордан Алекске туыстары мен достарымен кездесуге тыйым салып, оның әлеуметтік желідегі парақшаларын қатаң бақылауда ұстапты. Қай кезде қандай киім киім, қайда бару керектігін де үнемі нұсқап отырған. Қай уақытта жақындасатындарын да қыздың өзі шешкен. Бұдан бөлек, жігіт еденде жатып келген. Оған Вортпен бір төсекке жатуға тыйым салынған.

Психологиялық қысым уақыт өте келе физикалыққа ауысқан. Бойжеткен ұдайы жігітті соққыға жығып отырған. Тіпті оның науқас екеніне қарамаған.

Алекс шемен (денеге сарысу жиналғаннан пайда болатын ауру) дертіне шалдыққан.

«Ақырында аяғымнан не қолымнан айырылатын шығармын деп ойладым. 19 келі салмақ тастадым, денемдегі күйік іздері сұмдық. Алғашқыда ол мені психологиялық тұрғыдан қорлап келді, кейін күш қолдана бастады», – дейді Алекс.

Алекстің көгеріп кеткен денесі мен ақсаңдап жүргенін көрген көршілері алғаш болып дабыл қаққан. Кезекті ұрысқа куә болған олар полиция шақыртқан.

Бойжеткен 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған Алекс Скилге өмір бойы жақындауға тыйым салынды.

Сот тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін алғаш рет әйел адамның сотталғанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: 

Бір топ адам қыз зорлады деп күдіктелген 20 жастағы жігітті қолтырауынның аузына тастады

Әлем картасында жаңа мемлекет пайда болды

Сыныптастары шошыды: Бітіру кешіне мектеп түлегін табытпен алып келді

Ауа толтырылған қамалмен бірге жел ұшырып әкеткен қыз әкесінің көз алдында қайтыс болды

Талқылау