Баласын жаңа жылға аруақ етіп киіндірген ана көпшілікті таң қалдырды
Анасы жаңа жылға аруақ етіп киіндіріп қойған балақайдың фотосы көпшілікті таң қалдырды.
Оны көргендер баланы дағдарыста осылай шығынсыз киіндіруден басқа амал қалмай бара жатқанын алға тартқан.
“Жаңа жылдық дағдарысқа қарсы костюм – ақжайма, қайшы, екі минуттық жұмыс нәтижесінде балаңыз ерекше костюмге ие болады. Нағыз аруақ”, – деп жазған Александр Цой есімді блогер өз Facebook парақшасында.
Кейбірі бүлдіршінді осылай киіндіруге әбден болады деп жақтаса, енді бірі костюм “терроршы шейхті” еске салады деп сынаған.
Талқылау