Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаңның әкесі де – тау тұлға": Жұлдыз Әбдікәрімова әкесінің туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Отандық актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова әкесін туған күнімен ерекше құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Актрисаның айтуынша, бірбеткейлігі әкесінен дарыған.

“Сіз барда еңсем биік! Әкем мен үшін тау тұлға. Қыз баласы үшін олай болуы – қалыпты заңдылық. Өмірді кеше келе, осы жасқа жеткенде әкемнің әр әрекеті тәрбие болғанын түсініп келем. Бір ғана мысал айтайыншы, бала күнімнен әкемнің бос сөйлегенін көрген емеспін. Дастарқан басында, үйде, қонаққа барғанда, мейман келгенде қандай жағдай болсын айтқан әңгімесі жүйелі, саналы, ұлтжанды болатын. Сол әдеп әлі күнге жалғасып келеді. Ешқашан ұсақталмаған екен. Менің әкем ғылым саласында. Ол дегеніңіз біздің отбасымызда жүйе, мақсат, талпыныс пен еңбек бірінші орында болды. Өзімді қыз баласы деп, бетімнен қақпады. Бірақ қатал көзқарасының өзі жеткілікті болатын. Менің әкем осындай”, – деп жазды актриса. 

Желі қолданушылары актрисаның әкесін туған күнімен жарыса құттықтап жатыр. Араларында бірге жұмыс істеген әріптестері де табыла кетті. “Жұлдыздың әкесі және інісімен әріптес болдым. Қызы дұрыс айтады. Әкесі өте жақсы адам. Бір кафедрада істегенбіз”, “Ата-анасы керемет жандар, көрші тұрғанбыз”, “Келбеті келіскеннен кеңес сұра” деген атам қазақ. Білімді кісі екені түрінен көрініп тұр”, “Балаңның әкесі де – тау тұлға. Қайраттың алдына шығып қайтесің” деп жазып жатыр желі қолданушылары. 

 

Талқылау