Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер баланың ыстығы көтерілгенде ата-ананың жиі жіберетін қателіктері туралы айтты

Баланың ыстығын түсіргенде ата-аналар көп қателік жіберіп жатады. Ыстық түсіретін дәрі берсе де, баланың қызуы түспеген кезде ата-ана не істерін білмей әлек болады. Мұндай кезде не істеу керек? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Педиатр Дмитрий Молодойдың айтуынша, қызуы 38,5° градус болса, ыстық түсіретін дәріні беріп, оның әсер етеуін бір сағат күту қажет дейді. Егер 2 сағаттан кейін де қызу түспесе келесі жағдайларды қарастырыңыз:

Дәріні балаға қажет мөлшерде бермеуіңіз мүмкін. Барлық дәрі-дәрмек баланың салмағына қарай есептеледі. Үш жастағы кей баланың салмағы 11 келі болса, енді бірі 30 келі болуы мүмкін. Соған сәйкес дәрінің мөлшері де әртүрлі болады. 

Баланың қызуы түседі, бірақ ата-ана қызуды барынша 36,6°-қа түсіруге тырысады. Маман бі бір жарым сағатта температураның 0,5 градусқа төмендеуі қалыпты дүние дейді. ЖРВИ кезінде алғашқы үш күн температураның 38,0° градустан жоғары болуы да қалыпты жағдай.

Ыстығы көтеріліп жатқан баланы қалың көрпемен орауға болмайды. Жамылғылар киім сияқты ыстықты ұстап тұрады. Негізі баланың қызуы сыртқа шығу керек. Ауырып жатқан балаға ішкөйлек пен мақтадан жасалған ішкиім кигізу керек. Жөргекті шешіп тастаған жөн. Аяғына жүннен жасалған шұлық кигізген абзал. Себебі жүннен жасалған шұлық аяқтағы қан айналымын жақсартады. 

Дәрі берген соң 4 сағаттан кейін баланың қызу қайта көтерілуі қалыпты жағдай. Ыстық түсіретін дәріні әр 6, 8 сағат сайын беруге болады. 

Сондай-ақ кейбір ата-аналар дәрігерлер балаға не болғанын нақты білу үшін жедел жәрдем келгенше балаға қызуды басатын дәрі бермейді. Дәрігерге ауру белгілері мен баланың жалпы жағдайын айтып берсе, маман қажетті шараларды қолданады. Дәрігерге әлденені дәлелдеудің қажеті жоқ. 

Инемен литикалық қоспа салуда бала қатты ауырсынуы мүмкін. Тіпті қызу 40°-қа дейін көтерілсе де оны қолданбаған жөн. 

Талқылау