Баланың есірткі тасымалдаушысы болып жұмыс істейтінін қалай білуге болады
Полиция қазақстандық ата-аналарға балаларының "есірткі тасымалдаушысы" болып жұмыс істейтінін қалай білуге болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pexels-тен алынған
Полиция ата-аналарға мынадай белгілерге назар аударуды ұсынады:
- баланың телефонында үй кіреберістерінің, аялдамалардың, қабырғалардың суреттері пайда болса;
- жеке заттары арасында изолента, zip-пакеттер, қалта электронды таразылары пайда болса;
- араласатын ортасы өзгерсе;
- сөйлеу мәнері өзгеріп, әңгіме тақырыбын бұруға тырысса, дөрекілік танытса;
- күн тәртібі өзгерсе: оқуға бірнеше сағат бұрын кетіп, оқудан бірнеше сағатқа кешіксе, кіммен және қайда болғанын айтпаса;
- жаңа заттар пайда болса және оның қайдан келгенін түсіндіруден бас тартса.
“Бұл белгілердің пайда болуы баланы бақылауға, кез келген заңсыз іс-әрекеттің салдарын түсіндіре отырып, онымен сөйлесуге себеп болуы керек. Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал есірткі сатқаны үшін 14 жастан басталатынын еске салады”, – делінген хабарламада.
Талқылау