AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баланың ермегі": Полиция паспортын жыртып жатқандарға ескерту жасады

Жуырда ғана Қазақстан паспортының ішіне жасырылған чип туралы видео тараған болатын. Онда азамат осы чип арқылы құжат иесін бақылауға болатынын айтады. Бұл туралы полиция түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

паспорт

Осыдан соң төлқұжаттан жыртқандар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап, желіде трендке айналды. Алайда көші-қон қызметі мұндай әрекеттің негізсіз екендігін айтып, халықты сабырға шақырды. Өйткені төлқұжатта чиптің болуы халықаралық стандарт негізінде жасалған.

Паспорттағы микросхемада Қазақстан азаматының жеке деректері көрсетілген әрі бұл шекарадан өтуді жеңілдетеді деді. Мұндай үлгідегі заманауи құжаттар 2009-жылдан бері беріліп келеді. Бүгінде мокрочипті құжатты АҚШ, Еуропа мен Азия мемлекеттері пайдаланып жүр.  



“Паспорттың беттері жыртылған жағдайда ол енді бақылау-өткізу пунктінен өткен жағдайда электронды оқылмайды. Жарамсыз боп қалған жағдайда оған әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Инстаграм желісінде жүрген видеороликке қарап, паспорттарыңызды жыртпауыңызды сұраймыз. Әрбір азамат паспортына мұқият болуы керек. Бұлай етіп жырту - баланың ермегі”, –дейді БҚО полици департаменті көші-қон басқармасының аға инстпекторы Дулат Малаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары чиптелген төлқұжатты талқылаған болатын. Видео кейіпкерлері төлқұжатты ашып, ішінен чипке ұқсас құрылғыны табады. Авторлар бұл микросхема шетелде жүрген қазақстандықтарды бақылауға арналғанын айтады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр