Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баланы ауылда да көтеруге болады": Мирас пен Құралай бал айына шетелге баратын жастарға кеңес берді

Мирас пен Құралай бал айына шетелге баратын жастарға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі New Old Qazaqtar бағдарламасына сілтеме жасап. 

Баланы ауылда да көтеруге болады

Соңғы кедері жастардың арасында тойдан кейін шетелге бал айына шығу әдетке айналып барады. Бұл туралы белгілі жұлдызды жұп Мирас пен Құралай айтып берді. Құралай ханымның сөзінше балалы болу үшін шетелге бару міндетті емес.

"Бала көтерсін дейміз. Ол баланы шетелге бармай-ақ, ауылда да көттеруге болады ғой. Біз өзімізше солай айтамыз ғой, бірақ, Алланың бұйырғаны", - дейді Құралай. 

Ал Мирас мырза бал айына бару қазақтың болмысына жат дүние деп ұғады. Әсіресе соңғы ақшасына демалысқа баратын жастарды түсінбейтінін айтты ол. Егер мүмкіндік болып тұрса, бал айын жасауға қарсы еспін, алайды көп жастар жағдайға қарамайды дейді өнер иесі.

"Қазақтың менталитетіне ыңғайсыздау. Бізде ондай нәрсенің барлығы ұят нәрсе сияқты. Тіпті балаларым бал айына кетті дегеннің өзі біртүрлі. Бұл Еуропадан, Батыстан келген нәрсе. Шетелге барып бал айын өткізу кедергі келтіруі де мүмкін. Жас отбасы ақшасының барлығын шетелге жұмсағанша, кәсібіне, баспанасына салғаны дұрыс қой", - дейді Мирас.

Талқылау