Баландиннің алтын жүлде алған сәті (видео)
Жүзуден Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Вагизов жазғы Олимпиада ойындарында Дмитрий Баландиннің жеңісінен кейін берген сұхбатында өзінің қарамағындағы спортшының табысы туралы айтып берді.
Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.
“Біз тарихи оқиғаның куәгері болдық. Біз ғажайып жасадық. “Бірінші рет алтын алдық. Әрине, жаттығу жұмыстары жүргізілді, бірақ біздің жолымыз болып кетті. Біздің жігіттің қабілеті зор әрі ол нағыз талант. Оның Оның айтуынша, шешуші фактор ретінде, оның психологиялық дайындығы мықты болған. “Мұнда барлығы Олимпиада жеңімпазы атанғысы келетін нағыз талант иелері жүр. Финалда қарсыластар өте мықты болды. Қобалжу мен эмоцияны ұстау керек болды. Дима осыны жасап, қашықтықты бірінші болып бағындырды. Қас-қағым сәт, кіл мықтыны анықтады. Мен біздің баланың жеңгеніне өте қуаныштымын”, – деді Вагизов.
Еске салайық, Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Қазақстан тарихында тұңғыш рет жүзуден Олимпиада чемпионы атанды. Ол 200 метр қашықтықты брасс әдісімен жүзіп өтуде финалған шыққан еді. Баландин 2:07.46 уақыт нәтижесімен финалда сенсация жасаған болатын.
Оқи отырыңыздар:
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің өмірі жайлы не білеміз (фото)
Дмитрий Баландин жеңісін барша қазақстандықтар тойлайтынын айтты