Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің өмірі жайлы не білеміз (фото)

Бүгін, 11 тамыз күні, суға жүзу жарысында қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин мәреге бірінші болып келді. Ол Қазақстан тарихында спорттың бұл түрінен алтын медаль алған тұңғыш спортшы.

20160811113502

Дмитрий Баландин 2014 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия ойындарының үш дүркін чемпионы болды. Осы жеңісінен кейін қазақстандықтар оған үміт арта бастады.

20160811113801

Ол 2009 жылдан бері жеке бапкері Казакова Алексей Николаевичтің жетекшілігінде жаттығып келеді.

2011 жылы Баландин ҚР суда жүзу спорт шебері атағын алды. Жыл соңында ҚР халықаралық кластағы спорт шебері атағын иеленді.

Дмитрий Баландин 1995 жылы 4 сәуір күні Алматыда дүниеге келген. Бойы 195, салмағы – 85 келі. Суда жүзу спортымен 2003 жылы 8 жасынан бастап айналыса бастаған. 2008-2012 жылдары Алматыдағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқыған.

20160811113901

2010 жылы Ресейде өткен жарыста «Александр Попов атындағы кубокты» еншілеген. 2011 жылы үлкен топтар арасындағы VII Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 2013 жылы суда жүзуден IV әлемдік жастар чемпионатында 4-орынды иеленген. 2015 жылы жазғы Универсиадада алтын мен қола жүлдені иемденді. 2016 жылы Олимпиада чемпионы атанды.

20160811104042

20160811104046

20160811104050

20160811104122

20160811104127

20160811113358

20160811113401

Ол үйінде хаски итін асырайды. Суда жүзуде бөлек футболды жақсы көреді.

Рио олимпиадасының жаңа чемпионы – Дмитрий Баландинді достары құттықтайды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Атап айтқанда, Дмитрийдің құрбысы Кристина Тыныбаева құттықтау лебізін білдірді, ол да -синхронды жүзу бойынша спортшы.

«Біз алғаш рет №8 лицейде танысқанбыз, 6-сыныптан кейін ол қалалық мектепке, мен республикалық спорт мектебіне ауыстым. Бала кезден бері бір бассейнде жүздік. Жарыстарға да жиі бірге барып жүрдік», – деп әңгімеледі Кристина.

«Диманы шын жүректен құттықтаймын. Бәрібір осы Олимпиаданы тағатсыздана күттік. Биылғы жыл ол үшін өте ауыр болды. Біз оған қолдау білдіруге тырыстық. Барлық достары оның ойынын көріп, жанкүйерлік етті, әрине біз онымен мақтанамыз!», – деп атап өтті ол.

Жіберіп алмаңыз:

Дмитрий Баландин жеңісін барша қазақстандықтар тойлайтынын айтты

РИО-2016: Қазақстан медаль саны бойынша 11-ші орынға көтерілді

Фото: Рио Олимпиадасындағы қазақстандық спортшыларының жеңісті сәті

Талқылау