Баландин Испания чемпионатының рекордын жаңартты
Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин жүзуден Испания ашық чемпионатында топ жарды.
200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде отандасымыз қарсылас шақ келтірмеді – 2:09.31. Бұған қоса, Дмитрий Испания чемпионатының рекордын жаңартты, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитет.
Сондай-ақ, кеше тағы бір спортшымыз Әділ Қасқабай мен Әділбек Мусин 100 метр қашықтықта еркін стильде жүзуде финалға шықты. Ақтық сайыс бүгін өтеді. Айта кетейік, жүзуден Ұлттық құрамамыз Малагадағы халықаралық жарыста маусымның басты додасы Азия ойындарына дайындалуда.
Тағы оқыңыз:
Рулардың атымен аталатын ас мәзірі елді таңғалдырды
ОҚО-да 5 жасар бүлдіршінді ұлттық бюро қызметкері судан аман алып қалды
Талқылау