Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баламның аутист екенін оқырманым айтты": "Қалаулым" жобасының қатысушысы Камила Саян алғаш рет жан сырын ақтарды

“Қалаулым” бағдарламасының қатысушысы, “Бір болайық” жобасының жүргізушісі, блогер Камила Саян алғаш рет отбасық өмірін баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/mila_sayanovna/

Желі жұлдызы “Мамский әңгіме” подкастында қонақ болып, баласының диагнозы барын жасырмады. 

“Қазір балаларының сырқаты барын көп адам жасырмай айтып жүр. Мен де енді айтайын деп отырмын. Тұңғыш баламның ерекше диагнозы бар. Бұрын құпия ұстап, ол туралы айтпауға тырысатын едім. Баламның аутизмдік спектр бұзылысы бар. Екінші баламды босанғанда бірінші баламды ойладым. Көп көңіл бөле алмадым. Әкесі және әжесі ғана болды. Балаға ана керек екен. Жасы 4-тен асты, әлі сөйлемейді. Емші мен тәуіпке де апардық. Түрлі массажға да жаздырдым. Бір жарым жасында ерекшелігін байқадым. Содан бері күресіп келеміз. Биыл екі жарым жыл болады. Біз әлі де емін жалғастырамыз”, – деді блогер. 



Ол баласының диагнозы туралы оқырмандарының хатынан кейін ойлана бастаған. 

“Ұлым теледидарды теріс айналдырып отырып көреді. Оны біз күліп, жеке парақшамызға салатын едік. Бір күні түнде бір оқырманым: “Секең-секең етіп жүресің, балаңды емдемейсің бе?” деп жазды. Оған дейін баланы тексерту керек деген хаттарды оқып жүрсем де, мән бермегенмін. Бір оқырманым “балаң аутист” деді. Сол хаттан кейін зерттей бастадым. Интернеттен қарап, оқығанда шошыдым. Мұның ауру емес екенін кейін білдік қой. Бірақ басында қорқынышты болды. Невропотологқа апарғанда бәрі жақсы, қорқынышты ештеңе жоқ деді. Бірақ сонда да өзім ақпарат іздей бастадым. Жүрегім тыныштық таппады. Үйдегілер сөйлеп кетеді деп күтті. Бірақ мен оған сеніп, бейқам жүргім келмеді. Бұрын ұлымды көп салатын едім. Қазір азайттым, емінен нәтиже көргенде бәрін бастан-аяқ айтып беремін”, – деді желі жұлдызы. 

Еске салайық, бұған дейін Дильназ Ахмадиева ұлының диагнозы барын жасырмаған еді.  

Талқылау