"Балам келгесін ашылуын жасаймыз": Гүлзира Айдарбекова жаңа кәсібін таныстырды
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова қыз-келіншектерге арналған екінші киім дүкенін ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі дүкенінің ашылу салтанатын әлі жасамағанын айтты.
“Жай ашып, қоя салдық, қыздар жұмыссыз қалмасын деп. Қаншама адам нәпақасын табуы үшін жұмыс беру – ол да бір сауап. Балам келген соң толық реттеп, ашылуын жасаймын”, – деді продюсер.
Сонымен қатар ұшақта төбелесіп, 15 тәулікке қамалған ұлы Қайрат Нұртасты күн санап күтіп жүргенін де жасырмады.
“Сіздерге түк емес екенін білемін. Біз ғой сағат санап жүрген. Иә, айтуға бәрі оңай. Бірақ амал қанша, Алланың жазғанын көрерміз, ең қиын сынақ осы болсын деп тілейік. 4 күн қалды, арамызға аман-есен оралсыншы", "Қайратқа сабыр тілеймін, 20 шілде күні аман-есен шығуын күтіп жүрміз”, – деп жазды әншінің анасы.
Еске салайық, "Жеті жылдан бері түрлі сынақты көріп келеді" деп Қайрат Нұртастың келіні қолдау білдірген халыққа алғыс айтқан еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді