Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балам барын біле тұра алып қашты": Жетісу облысында келіншек жүкті қылып тастап кеткен күйеуін жауапқа тартуды сұрады

Жетісу облысында 32 жастағы тұрғын Айдана Бақанова өзінің қашқын күйеуін іздеп, жазалауды талап етті. Айтуынша, азамат Айдананың 10 жасар баласы бар екеніне қарамастан алып қашып, кейін жүкті қылып тастап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Қыздар-ай” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет бағдарламадан скринделген

Жаркент қаласының маңындағы Еңбекші ауылының тұрғыны Айдана Бақанованың бүгінде екі ұлы бар. Оның туған әпкесі Гаухар Баханованың айтуынша, Айданаға енесі  бұрынғы күйеуі екеуінің арасына түсіп, ұлына басқа әйел әперген. Сол себепті Айдана бірінші күйеуімен ажырасуға мәжбүр болып, тек ұлына алимент төлеткен.

Айдананың айтуынша, ол күйеуінен ажырасқан соң ауылда Болатжан деген азаматпен танысқан. 

“Болатжан ауылда трактор айдайтын. Танысып білістік. Ол мен туралы бәрін білді. Ұлым бар екенін де көрді. Үйімізге келіп жұмыстарды да жасап кететін. Балаңмен қосып аламын, мен алдамаймын, намаз оқимын деп айтты. Әке-шешесіне таныстырамын деп апарды. Сол жерде басыма орамал салып алып қалды”, – деді Айдана.

Келіншектің айтуынша, анасы жаман атты болмас үшін сол үйдің босағасын аттауға мәжбүр болыпты. Алайда кейін баласына 8 айлық жүктілігі кезінде 10 жасар ұлыңды медресеге береміз деген сылтаумен Айдананы ата-анасының үйіне апарып, содан қашып кеткен. 

“Білмедім, ештеңе айтпастан қашты да кетті. Жалғыз өзімді қалдырды. Қанша босанғанша қиналдым, жыладым. Не үшін кетті, себебін де білмеймін. Артынан барсам, есіктің бәрін шегелеп қашып кеткен. Сол ауылдағы адамдарға бұздырып, сөйтіп кіріп алдым”, – деп қосты Айдана.

Айдананың туған әпкесі Гаухар Баханова болса, екінші күйеу баласының осы уақытқа дейін тіпті түрін де көрмегенін алға тартты.

“Құдалыққа барамыз дедік. Мен өз отбасымдағы жағдайлармен бара алмай қалдым. Айдана екінші күйеуімен некеге тұрмаған. Оны алып қашқан кезде бірінші күйеуінің баласын өз әке-шешесіне қалдырған. Келді, сүйем-күйем деп алды. Кейін қалдырып кеткені не сұмдық? Сіңлімді менің қасыма әкеліп қалдырып, өзі жауапкершіліктен қашып кетейін деп тұр”, – деді әпкесі. 

Айдананың екінші күйеуі де бұрын некеде болған. Одан бір қызы бар екен. 

“Алимент қана емес, жазасын да алсын. Бізді қалай қиналтып тастап кетті. Бес уақыт намаз оқимын деп алдады. Мен сонша айттым, некеге тұруға үйіндегілердің бәрі қарсы болды. Өзі де қарсы болды. Тек мұсылманша неке ғана бар”, – деп қосты ол.

Талқылау