Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалықпен түсік тастаған бойжеткен әрекеті үшін өкініп жүр

Некесіз жігітімен жақындасып қойған бойжеткен ешкімге айтпай сәбиін алып тастағаны үшін өкініп жүр. Енді осы күнәсін намаз оқып жуып-шаймақ.

13-2

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Қазір жасым 19-да. Осы күнге дейін қанша қателік жасадым. Алайда осы жыл маған өте ауыр болды. Оның үстіне ЖОО-да оқып жатырмын. Жігітім екеуіміз некесіз жақындасып қойдық. Мұның ауыр күнә екенін жақсы білемін. Одан сан рет өтінген болатынмын. Мені тыңдамай қойды. Бір шетінен зорлады деп те айта алмаймын. Бірақ, мен қарсы болдым. Бірден көтеріп қойдым. Ол өте балажан. Мені жанындай сүйеді. Ал маған дәл қазір бала керек емес. Сол себепті, мұның ауыр күнә екеніне қарамастан, баланы алдыртып тастадым. Осы уақытқа дейін намысымды таптатпаған едім. Енді өлермен болып отырмын. Қатты өкінемін. Бұйырса, 2 жылдан кейін шаңырақ көтермекшіміз. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз керек болып тұр. Менің күнәм оған тұрмысқа шыққан соң және намаз оқыған соң кешіріле ме?” – дейді бойжеткен.

Жас қыздың жазбасын оқыған желі қолданушылары оны ұрысуға кірісті. Көпшілігі оның бұл әрекетін құптамады. “Құдайдан қорықсаң, күнә арқалағың келмесе, олай жасамас едің”, “Күнәнің кешірілуі тек бір Аллаға аян”, “Оны Құдайдан сұра. Біз қайдан білеміз?”, “Әңгімеңді тыңдасам, сау адамға ұқсамайсың”, “Алла әрдайым кешірімді. Ең бастысы, шын ниетпен тәубеге келіп, Алладан кешірім сұрау” деп жазады олар.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

4 баланың анасы “Бала туа бересің” деп сөккен қайын атасына ренжіп жүр

ОҚО-да ата-аналар балабақшадан балаларының аш қайтатынын айтып шағымданды

Білім министрлігінің кезекті реформасы тағы дау туғызды

Елімізде бензиннің қымбаттауы жүргізушілерді көліктерін тастауға мәжбүрлеп жатыр

Талқылау