Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларымды орыс сыныбында оқытуымның 5 себебі

Желі қолданушысы өзі қазақ бола тұра балаларын не себепті орыс мектебінде оқытатынын түсіндірді. Ол мұндай қадамға олардың болашағын ойлай отырып барғанын жеткізді.

оқушы

1.Соңғы уақыттары жыл санап балаларын қазақ мектебіне беретіндер қатары артып келеді. Бұл дегеніңіз, болашақта орыс тілінде білім алған маман тапшылығына апарады. Кедендік одақ болысын, Еуразиялық одақ бар, бәрібір жақын көршілерімізбен тығыз байланыста боламыз. Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметкерлер арасында екі тілді қатар білетіндер саны саусақпен санарлық, бұл жерде ағылшын тілінің мәселесін айтпай-ақ қоюға болады.

2. Орыс тілінде білім алған баланың еңбек ету, жұмыс табу мүмкіндігі жоғары. Егерде біздің табиғи байлықтарымыз, мұнай қоры таусылар болса не боларымызды өзіміз де білмейміз. Сондықтан балам көршілес елдерден, бұрыңғы Кеңес үкіметі құрамында болған кез- келген мемлекетте еркін еңбек ете алуы керек.

3.Әдебиет және түрлі бағыттағы ғылыми еңбектер. Гуглдан әдебиет, қазақ тарихы, болмаса ғылыми саладағы сұрақтарға жауап алу мүмкін емес. Әйелім медициналық Академияда оқыды. Олар барлық сабақты, курстық жұмыстарына дейін орыс тілінен аударып отыратын. Осы саланы дамыту үшін Рауан Кенжеханұлы бастаған топ жұмыс істеп жатыр «Wiki-білім» https://kitap.kz/ сайттарын ашып қарауды ұсынамын.

4.Мен мұны айтуға қорықпаймын. Орыс мектебінде оқыған балалар еркін болады. Олар өз ойлары мен қалауларын ашық айтады. Оларда батылдық-бақытқа жетелейді деген бар. Орыс мектебінде оқыған балаларда «халықтар достастығы» деген түсінік қалыптасады. Қазір бұл маңызды мәселелердің бірі.

5. үш тілділікті қолдау. Біздің балаларымыз қанша көп тіл білсе өздеріне сонша жақсы болады. Бұл дегеніңіз біз ана тілімізден бас тартамыз деген сөз емес. Керісінше үйде тек қазақша сөйлеуіміз керек деген сөз. Бұл біздің таңдауымыз және жеке азамат ретіндегі пікіріміз.

Алдын ала өтінішім бар. Мені «мәңгүрт», «сатқын»деп атай көрмеңіздер. Қазақ тілі күн санап күшейіп келеді. Бізде ауылдан шығып, АҚШ-та білім алып жатқан қыз-жігіттер бар. Оларға алғысым шексіз, еңбектерін, ерліктерін мойындаймын. Бірақ біз орыс балабақшасына барып, орыс мектебінде оқуды ұйғардық.

Ерлан Мұсаев бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Оқи отырыңыз:

Жазушы телевизиядағы сауатсыз қазақ журналистерді сынай отырып басшыларға назын айтты

Қазақтың белгілі жазушысы Ілияс Есенберлин жарын қалай таңдаған?

Ілияс Жансүгіровтың үлкен ұлы қалай өмір сүруде

Полиция капитаны жолда келіншекті босандырып, кіндігін кескен

Тәжікстанда 18 жастағы келін күйеуі пәктігіне күмәнданған соң өз-өзіне қол салды

Талқылау