Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларының көзінше жағы мен мұрнын сындырған: Бұрынғы күйеуінен таяқ жеген қазақстандық әйел президенттен көмек сұрады

күйеуі ұрып-соққанФото: Видеодан скрин

Алматы тұрғыны бұрынғы күйеуі балаларының көзінше аяусыз соққыға жыққанын айтып, президенттен көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жәбірленуші Дильбар Тимурованың айтуынша, арадан үш апта өтсе де, құқық қорғау органдары ешқандай әрекет жасамаған. Сондықтан ол президенттен көмек сұрауға мәжбүр болғанын жеткізді. 


"Екіқабат кезімде ішімнен тепкен": Түркістан облысында тойда ән салып тұрған әйелді экс-қайын атасы ұрып жіберді


Ақтауда төрт баланы ұрып-соғып, басын шелекке тыққан өгей әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды


"Мен шарасыз жағдайға тап болып, құқық қорғау органдары әрекет етпегендіктен президенттен көмек сұрауға мәжбұрмін. 28 тамыз күні мені үш жыл бұрын ажырасып кеткен, экс-күйеуім Нурадин Асанұлы ұрып-соғып, еңбекке жарамсыз етті. Ортамызда екі кәмелетке толмаған бала бар. Арада үш апта өтсе де, құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай шара қолданылмады. Маған жақ сүйегімді қалпына келтіру үшін бірнеше операция жасалды, ауруханада жаттым. Егер бұрынғы күйеуіме қандай да бір шара қолданылғанда, бұлай көмек сұрап отырмас едім", – дейді жәбірленуші. 

Оның айтуынша, экс-жолдасы ауқатты отбасынан шыққандықтан істі жауып тастауы мүмкін. 

"Менің екі кішкентай балам бар. Қашан әрекет етесіздер? Менің өлуім керек пе? Еліміздің Конституциясының кепілі ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізден көмек сұраймын! Бұрынғы күйеуім Тимуров Нурадин Асанұлын заң аясында барынша қатаң жазалауыңызды өтінемін", – деді жәбірленуші. 

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінен мән-жайды сұрап білді. 17 қыркүйекте Алматы полициясы күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат таратты. 

"Барлық материалдар объективті түрде қаралады, ал тергеу аяқталған соң қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылданады", — деп түйіндеді ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ер адамның әйелін балғамен ұрып өлтіргені туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек, 2025 11:07