"Балаларымызбен қалай серуендейміз": Алматы тұрғындарын COVID-19-бен ауыратындарды емдейтін стационардың ашылуы туралы жаңалық алаңдатты
Алматыда элиталық аудандардың бірінің тұрғындарын үйлеріне жақын маңда коронавируспен ауыратын науқастарға арналған госпиталь ашылатыны туралы жаңалық алаңдатты. Емхана саунасы бар ескі қонақ үйдің орнында пайда болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғындар коронавируспен ауыратын науқастарға арналған госпиталдің үйлеріне жақын орналасқанына наразы. Бұл жерде саунасы бар екі қабатты қонай үй болған. Ал енді оның орнына емхана салынбақ, ал саунаның орнына жедел жәрдем бөлімі салынады екен.
"Мен бұл жерде балаларымызбен қалай серуендейтінімізді, үлкендердің қалай жүретінін, сыртқа қалай шығатынымызды білмеймін. Себебі, Қытайда COVID-19 желтоқсанда өршіген кездегі практика вирус тіпті асфальтта қалатынын көрсетті",- деді Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғыны Аруа Сүйіндікова.
Осы жерде госпиталь ашылатыны туралы ақпаратты қала әкімдігі желідегі ресми парақшасында жариялады. Бұл тұрғындар үшін күтпеген "тосынсый" болған.
250 төсекке арналған емдеу орнын 1-ші қазанда ашу жоспарланған. Жөндеу жұмыстарын түрік компаниясы істеп жатыр. Бірақ нысанның паспорты еш жерде көрсетілмеген.
Ал әкім орынбасары ғимараттың коронавирус жұқтырғандарға арналған госпиталь емес, қарапайым емхана болатынын айтты.
"Жұқпалы ауруханаға рұқсат берілмегендіктен, мұнда стационарлық аурухана ашылады", - деді Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев.
Талапқа сай коронавирус жұқтырғандарға арналған госпиталь көпшілік орыннан 50 метр алшақ болуы керек. Ал бұл жағдайда арақашықтық тіпті 2 метрге жетпейді.
"Мұнда санитарлық эпидемиологиялық қорытындыға сәйкес келетін денсаулық сақтау орнын салу бойынша ешқандай рұқсат берген қағаз жоқ. Сондықтан, бұл жерде инфекциалық стационар болады деп нақты айта алмаймын", - деді Медеу ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкері Толқын Базарқұлова.
Наразы топ президентке хат жазған. Президент әкімшілігі Алматы әкімдігіне сұрау жібергенін мәлімдеді. Енді тұрғындар Алматы әкімімен кездесуді қалайды.