AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларымыз құрылысшылармен бір ғимаратта түнеп жүр": Қызылордада оқушыларды құрылысы бітпеген лагерьге жіберген

Қызылорда қаласындағы "Сыр төресі" жазғы тынығу лагеріне алаңсыз демаламыз деп келген оқушылар  құрылысы бітпеген лагерьге тап болыпты. Ең сорақысы, ата-аналар "балаларымыз мұндағы құрылысшылармен бір ғимаратта түнеп жүр" деп дабыл қағуда. Ал күні кеше жазғы лагерьлерді аралап, балалардың жағдайымен танысқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тынығу орнындағы сұмдықты көрмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар арнасына сілтеме жасап.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барған лагердегідей барлық жердегі балалардың жағдайы бірдей жақсы емес екен. Ол аудандардағы оқушылардың жазғы тынығу орындарын аралап жүргенде, қаланың қақ ортасындағы лагерьден үлкен шу шықты.

5-сыныпта оқитын балам тегін жолдамамен барған "Сыр төресі" лагерінің күйін көріп жағамды ұстадым дейді тұрғын Нұргүл Жұмабекова. Айтуынша, онда санитарлық талаптар мүлде сақталмаған. Барған кезімде оқушылар ойнайтын алаң болмағандықтан, тар бөлмеде ойнап жүрді дейді.

“Өзбек адамдар қайда жатты десем, олар сырттағы киіз үйде жатты дейді. Бәрі бір аулада. Тамағы мама ұнамады маған деді. Тұзсыз, шикі болды деді. Сол күні тамақ жемей, аш жаттым деді балам”, – дейді анасы Нұргүл Жұмабекова.

Құрылыс жүріп жатқан жерде балалардың қауіпсіздігіне қарап жатқан адам жоқ дейді Нұргүл Жұмабекова. Сондықтан, шаңға батқан ғимараттан баласын алып, ауылына қайтуға мәжбүр болған.

"Сыр төресі" лагеріне барған журналистер балалар ішіп-жемін көшедегі дүкеннен сатып алып жүргеніне куә болды. Ал лагерь қызметкері сұхбат бермейтіндерін айтып, барынша ішке кіргізбеуге тырысты.

Ал дәл осы демалыс орны үш ай жазда 600 оқушыны қабылдауға мемлекеттен тапсырыс алған. Білім басқармасындағылар лагерьдің мұндай күйін бұған дейін білмедік дейді. Нұргүл Жұмабекованың шағымынан соң лагерь иесінің құжаттарынан заң бұзушылық анықтап, енді келісім шартты бұзамыз деп отыр.

“Кешегі көтерілген лагерь бойынша олар СЭС-тің қорытындысын алмаған. Осыған байланысты келісім шартты бұзу туралы жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу заңдылығына сәйкес балалар басқа лагерьге демалатын болады”, – дейді Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов.

Білім басқармасы тапсырыс бергенімен, оқушылар тынығатын орынды алдын ала тексеріп алуға ерінген сияқты. Тіпті жеке лагерьдегі бұл жағдайды ата-ананың шағымы болмаса, білмеуіміз мүмкін еді деді. Сондай-ақ, басқарма өкілдері бүгін демалуға келген оқушылардың бәрін үйлеріне қайтарғанын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр