Балалары мұздай суға батып өлгенде анасы ыстық шай ішіп отырған
Мәскеу облысының прокуратурасы Подольск маңындағы екі баланың өліміне байланысты тергеу алды тексерістерін бастап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
11 қаңтар күні 5 және 8 жасар екі ұл бала тоғанның бетінде қатып тұрған мұз үстінде ойнап жүріп, абайсызда суға батып өлген еді. Қайғылы оқиға орын алған Сынково ауылында балалардың ағалары, анасы мен өгей әкесі қонақта болыпты.
Балалары ажалмен арпаласып жатқан кезде олардың өгей әкелері жұмыстан шаршап келіп, ұйықтап жатқан, ал туған аналары туысының үйінде асықпай шай ішіп отырған. Жарты сағатан кейін үйлеріне оралған олар жеткіншектердің тоған суына түсіп кеткенін байқапты.
Әйелдің жан даусын естіген басқа да туыстары балалардың денесін шығаруға кіріскен. Ұлдардың денесін біртіндеп шығаруға төрт адам жұмылыпты. Алғашқы дәрігерлік көмек те, келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлері де балалардың өмірін аман алып қалмаған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн