Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалары бәрін көрді, шок алып қалды": Павлодарда спорт федерациясының басшысы әйелін өлтірді деп күдіктелді

"Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасының" мүшесі, парашютист, бұрынғы әскери қызметкер, үш баланың әкесі Руслан Феклистов өз әйелін өлтірді деп күдіктеліп жатыр. Павлодарда болған жантүршігерлік оқиға қазақстандықтарды шошытты. Болжам бойынша, күйеуі әйелін өлімші  күйге түскенше сабаған. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Әйелдің денесі алыстағы әуежай маңынан, Кенжекөл ауылының қасынан табылды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, бұл оқиға болмай тұрып ата-аналардың бірі ер адамның атына шағым түсіріп, кәмілетке толмаған қызға орынсыз әрекет жасады деп айыптаған-мыс. Шағым айтқан әйелге органға шағым жазуға кеңес берген.

Полиция департаментіне істің мән-жайын анықтау мақсатында сұраным жіберілді. Алайда ер адамның жақындары мен достары оның әйелге қол көтеруі мүмкін емес деп отыр. 

Отбасының досы Дмитрийдің айтуынша, олар тату-тәтті өмір сүрген. Әрі әйелі күйеуін жақсы көретінін, онысын жасырмай ашық білдіріп жүргенін жеткізді. 

Желідегі ерлі-зайыптының бірге түскен суреттеріне қарап, олардың бір-бірін жақсы көргенін, бақытты екенін аңғаруға болады. Дегенмен кейбір таныстарының айтуынша, Руслан расында қатал, талапшыл, әрі мінезі ауыр болған. 

Николай есімді жігіт Русланның өзіне бір кездері автожарыс ұйымдастыруға демеуші тауып бергенін айтады. 

"Ол мінезі де жақсы, сөзі түзу адам секілді көрінген. Қылмысқа барады деп ойлаған емеспін. Қазіргі жағдайдың болғаны өкінішті. Дегенмен қандай жағдай болмасын, адам өлімі үшін ешкім жазасыз қалмау керек", - деді ол.

Ал, желіде өзін марқұм болған Татьянаның сіңлісімін деп таныстырған Надежда жазба жариялады.

"Таня өте мейірімді, адал, қарапайым жан еді. Ол бала-шағасымен бірге күйеуінен қорқынышта өмір сүрді. Күйеуі қатал болды. Үнемі қатаң қарайтын. Оңды-солды қыдыратын. Бала-шағасы бәрін көрген. Олар шоктық күйде", - деп жазды ол.

Татьянының туысқан сіңлісі де күдіктінің мінезі өте жаман, нашар адам екенін айтты. 

Марқұмның артында 17,13 және 5 жастағы үш баласы қалды. Күйеуі уақытша ұстау абақтысында. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр