Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларға вакцина салдыру міндеттеле ме: Денсаулық сақтау министрі айтып берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды міндетті вакцинациялау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Министр балаларға вакцина салу мәселесі әлі қарастырылып жатқанын айтты. Оған қолса Цой балаларға вакцина салдыру міндеттелмейтінін жеткізді. 

“Қазір тек ересектер екпе салдыра алады. Балаларға қанша уақытта вакцина салып бітіретінімізді айта алмаймыз, себебі ол ерікті түрде, тек ата-анасының келісімімен болады. Түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Қазір ата-аналар жиі хабарласып, баласына вакцина салдырғысы келетінін айтады. Өкінішке қарай, Қазақстанда ол вакциналар жоқ. Балаларға салуға ұсынылған вакцина болған кезде оны қамтамасыз етеміз. Елімізде 2 миллион бала бар, бұл жерде мәселе – қанша ата-ана баласына вакцина салдырғысы келетінінде”, – дейді Цой. 



Сонымен қатар Цой балаларға 12 жастан бастап Pfizer вакцинасын салуға қатысты түсініктеме берді. 

"12 жастан бастап Pfizer вакцинасын қолдану ұсынылды. Біз 12 жастан асқандарды назарға алып отырмыз. Балалар жасына назар аудара отырып, олар вакцина салдыруға мүмкіндік алады. Тиісінше, азаматтар вакциналау керек пе, жоқ па – мұны өздері шешеді, бірақ біз вакцина алуға шақырамыз, өйткені вакцина көмектеседі. Өкінішке қарай, жаңа штаммдар балаларға әсер етеді", – деген еді министр.

Еске салсақ, осыған дейін "Pfizer" компаниясымен вакцинаны Қазақстанға жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілгені хабарланды.

Талқылау