Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларға төсек-орындар дайындалып жатыр": Шымкенттік аналар балаларға вакцина салдыруға қарсы шықты

Шымкентте көп балалы аналар балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға қарсы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Мектеп оқушыларының арасында вакцинация басталды деп ойлап қалған көп балалы аналар әкімдіктің алдына жиналды.

“Біз баспана үшін емес, ақша үшін келген жоқпыз. Біз балаларымызды вакцинациялауға қарсымыз. Мектепте олар түсініксіз нәрсемен дезинфекциялайды. Үкімет жүкті әйелдер мен балаларға 4 миллион доза Pfizer жеткізілетінін айтты. Мен балама екпе салдыруға қарсымын”, – дейді қала тұрғыны Карима Шермухамедова. 

“Естуімізше, ауруханалар балаларға кереует дайындап жатқан көрінеді. Мұның барлығын әдейі істеп отыр. Балалар вакцина салдырғаннан кейін ауырып қалады. Сондықтан олар дайындалып жатыр”, – дейді Меруерт Дауылбаева. 

Сонымен қатар әйелдер балалары мектептен дене қызуы көтеріліп, асқазандары ауырады деп мәлімдейді. Шымкент коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша қызыл аймаққа енгізілген. Олардың пікірінше, мектеп вирустың негізгі қоздырғышы болып табылады. Аналар балаларының онлайн оқуын жалғастыруына рұқсат беруін талап етуде.

“Біз ата-аналардың қалауы бойынша тек 9-10 өтініш жаздық. Олар бірдеңе айтамыз дейді, бірақ оны жазбады. Егер ата-ана шынымен қаласа, біз ешкімді дәстүрлі түрде оқуға мәжбүрлемейміз”, –дейді Шымкент қаласының білім бөлімінің басшысы Жанат Тажиева. 

Көп балалы аналар жиналысынан кейін бірден әкімдік олардың сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар балаларға вакцинациялау туралы қауесетті жоққа шығарды. Шенеуніктердің айтуынша, олар Шымкенттегі мектеп оқушыларына коронавирусқа қарсы екпе жасамайды. Бұл тек тұмауға қарсы вакцина алу туралы шешім.

Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында 1 сынып оқушылары Манту сынамасын, содан кейін туберкулезге қарсы BCG вакцинациясын жүргізе бастады. Бұл жыл сайынғы егу науқаны. 

“Мұның бәрі өтірік, жалған ақпарат. Мүмкін әдейі тұрғындардың арасында толқу тудыруы үшін жасап отырған шығар. Мен ресми түрде әлі 18 жасқа толмаған балаларға вакцинациялауды жоспарламағанымызды айтқым келеді”, – дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Бақытжан Посилов. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 08 Қыркүйек, 2021 09:04
Талқылау