Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларды тек қазақ мектебіне беруге шақырған мұғалім жауапқа тартылмақ

Балаларды тек қана қазақ мектептеріне беруге шақырған қоғам белсендісі Аятжан Ахметжанұлы жауапқа тартылмақшы. Бұған оның “Баласын орыс сыныбына беретіндерге жаным ашиды” деген мақаласы себеп болыпты.

898989

Бұл туралы республикалық «KAZBILIM» орталығының директоры Аятжан Ахметжан әлеуметтік желідегі өз парақшасында жариялаған.

“Мені орыс тілінің намысына тиді, – деп сотқа бергелі қол жинаймыз, – деп жатыр екен…Кезінде біз қазақ тілін қорлады, – деп сотқа жүгінуші едік…Бұл да заманның бізге бұрылғаны…Беріңдер мен еш тілді қорламадым…Шындық сондай ащы! Қабылдасаң да, қабылдамасаң да тарих қабылдатады”, – деп жазады ол.

Ол қазақстандық БАҚ-та жаппай жарияланып, қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болған мақаласында “Баланы қазақ мектебіне берудің жеті артықшылығын білесіз бе?” деп өзекті мәселе көтерген.

Сонымен, мұғалім ұсынып отырған жеті себепке назар аударайық:

Бірінші себеп – Қазақстан демографиясы, қазақ үлесінің күн санап артуы.

“Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне жүз пайыз көтерілмесе де, Қазақ топырағындағы қазақ ұлтының сандық үлесі артуына байланысты мемлекеттік деңгейдегі тағына бәрібір отырады”, – дейді ол.

Екінші себеп – орыс тілінің әлемдік аясының тарылуы.

Үшінші себеп – қазақ мектептерінің білім сапасының артуы. Бұған дәлел ретінде ол “2016 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуде 125 толық балын жинаған 19 оқушының бәрі тек қазақ сыныбының түлегі” екенін еске салады.

Төртінші себеп – Білім гранттарының қазақ топтарына көптеп бөлінуі.

Бесінші себеп – мектептердегі қазақ сыныптарының үлесі. Қазір еліміз бойынша 83% бала қазақ сыныптарында, 16% ға жуық бала орыс сыныбында 1% ға жетпейтін бала өзге тілді мектептерде білім алады.

Алтыншы себеп – үш тілді оқыту жүйесінің орнауы. Шынын айтқанда ешқандай үш тілді бағдарлама жоқ, оның аты үш тілді оқыту болғанымен, заты қос тілді оқыту бағдарламасы екені бағдарламаның жүйесін көріп жүрген бізге түсінікті.

Жетінші себеп – орыс тілді сапалы маман тапшылығы.

Бұған дейін “Балаларымды орыс сыныбында оқытуымның 5 себебі” деген тақырыппен Ерлан Мұсаев есімді желі қолданушысы өз жазбасын жария еткен болатын.

Оқи отырыңыз:

Қызылордада қатты ыстықтан бағдаршам еріп кетті

Жол апатында екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева ауруханада түскен суретін жариялады

Ақтауда 1 тоннадан астам бекіре жасырылған заңсыз қойма анықталды

Маңғыстау облысында әскерден қашқан сарбаз іздестіріліп жатыр

Талқылау