Балалардың арманына жақын: Павлодардағы спорт клубы Bank RBK қолдауымен жаңа деңгейге көтерілді
Спортқа келген әр бала өз арманына қарай маңызды бір қадам жасайды. Біреу үшін бұл – алғашқы гол мен турнирдегі жеңіс, тағы біреу үшін татамиде күресуді үйреніп, нық тұру, ал енді бірі үшін қозғалыстан шаттанып, достық пен ортақ ойындардың қызығына бөлену. Ең бастысы, балалардың өсуіне, өз күшін сынап көруіне мүмкіндік беретін кеңістіктің болғаны.
Павлодардағы танымал DESPORT спорт клубы жаңа даму деңгейіне шықты. Клуб иелері бір ғимаратты сатып алып, ауқымды жөндеу жұмыстарын жасап, оны заманауи бұқаралық спорт орталығына айналдырды. Ал Bank RBK-ның қаржылай қолдауы клубқа жаңа тыныс беріп, балалар мен жаттықтырушылар үшін бірегей мүмкіндіктер жасауға жол ашты.
1500 шаршы метрден астам аумақта екі кең зал, футбол манежі, киім ауыстыратын ыңғайлы бөлмелер, сауналар, душ кабиналары, жаттықтырушылар мен қызметкерлерге арналған кабинеттер бар. Мұнда бір мезетте 100-ге жуық бала спортпен шұғылдана алады. Әркім футбол, гимнастика, дзюдо, хореография сияқты өз жүрегіне жақын бағытты таңдай алады.
Бірақ ең бастысы – атмосфера, қолдау мен шабыт, нағыз спорттық рухтың атмосферасы. Жаңа клубта қазірдің өзінде әйгілі спортшылардың алғашқы шеберлік сабақтары өтті. Олар өз тәжірибесін қуана бөлісіп, балаларға "армандар орындалады, тек еңбек етіп, өзіңе сену керек" деген нәрсені көрсетті. Осындай кездесулерде балалардың көздері қуаныштан жанып, өз күшіне деген сенімі нығая түседі.
"Балалар спорты тек дене шынықтыру емес, ол – мінезді шыңдау, тәртіп пен рухани күшті тәрбиелеу. Біз Bank RBK бұған толық сенімдіміз. Біз үшін ең маңыздысы – балалардың лайықты жағдайда жаттығу жасап, кәсіби мамандардың қасында болуы. Өйткені олар балаларға бапкер ғана емес, тұрақты жаттығулардың арқасында қандай жетістіктерге жетуге болатынын көрсететін шынайы үлгі бола алады. Біз DESPORT клубын қолдағанымызға және жаттықтырушылардың, ата-аналардың, балалардың арманын жүзеге асыруға көмектескенімізге қуаныштымыз. Жаңарған клуб павлодарлықтардың басын қосатын орталыққа айналып, Қазақстанның жаңа чемпиондарын тәрбиелейтініне күмәніміз жоқ", – дейді Bank RBK Басқарма төрайымы Наталья Акентьева.
Ал клубты құру идеясы оның негізін қалаушылардың өздері спортпен белсенді айналысып жүрген кезде туған еді.
"Сегіз жыл бұрын біз ағам екеуміз бапкерлік жолымызды жалға алынған ғимаратта бастадық. Сол уақыттан бері өзіміздің дамуымызға біртіндеп күш салдық. Жаттығу бағдарламасын жетілдірдік, пікірлес жандарды жинадық, тәжірибе арттырдық. Осы жылдар бойы басты мақсатымыз бен арманымыз клубты жаңартып, кеңейту болды. Балалар сапалы жаттығып қана қоймай, спорттан шынайы ләззат ала алса екен дейтінбіз. Біз олардың заманауи, ыңғайлы әрі шабыт сыйлайтын ортада шұғылданғанын қаладық", – дейді DESPORT клубының жетекшісі Михаил Гарафеев.
Cонымен қатар клуб жетекшісі Bank RBK-мен серіктестікті жоғары бағалады:
"Bank RBK-ның қолдауы бізге үлкен қадам жасауға мүмкіндік берді. Жалға алуға тәуелді болудан құтылдық, тұрақты қаржыландыру мен даму мүмкіндігіне қол жеткіздік. Енді біздің өз спорт үйіміз бар. Балалардың жаттығуға қуана келіп, жаңа секцияларға деген қызығушылығының артып жатқанын көру, ата-аналардың жасалған жағдайға алғыс айтуы – біз үшін алға жылжуға зор мотивация. Ең бастысы Bank RBK біздің даму талпынысымызды бөлісіп, дені сау әрі шыныққан жас ұрпақты қалыптастыруға бағытталған бастамаларымызды қолдауға дайын. Бұл – ең құндысы".
DESPORT спорт қана емес. Мұнда оннан астам маманға – жаттықтырушыларға, әкімшілерге, техникалық қызметкерлерге жаңа жұмыс орындары ашылды. Сонымен бірге ол – салауатты өмір салтын дәріптеу, балалардың дұрыс құндылықтарын қалыптастыру алаңы.
Клубтың қаншалықты қажет екенін оның алғашқы келушілері жақсы айтып бере алады. Ата-аналардың айтуынша, жаңа жағдай балаларға қуана әрі қауіпсіз жаттығуға мүмкіндік береді.
"Ұлым әрдайым футбол ойнауды армандайтын, бірақ бұрын ол үшін лайықты жағдай болмады. Мұнда жарық манеж, жақсы жаттықтырушылар бар, бәрі үйдегідей жайлы. Енді балам әр жаттығуға мәз болып, асыға барады", – дейді сегіз жасар Арманның анасы.
"Біз гимнастикаға алғаш рет келдік. Қызым залды көрді де, бірден ғашық болып қалды. Әдемі кеңістік, жаңа достар. Ең бастысы қызымның талпынысы артты. Ол енді чемпион болғысы келетінін айта бастады", – дейді жеті жасар Алисаның әкесі.
Балалардың өздері де жаттығудан ғана емес, қарым-қатынастан, достықтан қуанып жүргендерін айтып берді.
"Мен дзюдода жаңа әдістер үйрендім және достар таптым. Кейде жаттығудан кейін залда қалып бірге ойнаймыз, бұл керемет!" – дейді он жасар Данияр күлімсіреп.
DESPORT командасы қазірдің өзінде кеңеюді жоспарлап отыр. Оның ішінде жаңа залдар ашу, қосымша спорт түрлерін енгізу, ересектерге арналған футбол командасын құру, ірі спорттық іс-шаралар ұйымдастыру бар. Болашақта Қазақстанның басқа қалаларында да осындай клубтар желісін құруды көздейді.
Ал Bank RBK адамдардың өмірін жақсартатын жобаларды қолдауға әрдайым дайын. Банк үшін мұндай бастамалар – жай ғана қаржыландыру емес, ұлт саулығына қосқан үлес, балалардың арманын қолдау және жарқын болашаққа салынған инвестиция.
ҚНРДА берген 2021 ж. 05.04. №1.2.100/245/41 лицензия

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
