"Балаларды күлкісінен айырмаңыз": Трамптың әйелі Путинге хат жазды
Фото: Variety.com/POOL
АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Владимир Путинді балалар мен болашақ ұрпақты қорғауға шақырды. Хатты Ресей басшысына Дональд Трамп Аляскада өткен саммит кезінде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі FoxNews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Хатта Мелания Трамп "әр бала махаббатты, мүмкіндікті және қауіп-қатерден аулақ болуды армандайды" деп жазады және көшбасшылардың "барлығы үшін лайықты әлем үшін қамқорлық жасау" жауапкершілігін атап өтті.
"Әрбір жаңа ұрпақ өмірді географиядан, биліктен және идеологиядан биік тұратын тазалық пен пәктікпен бастайды. Балалардың пәктігін қорғай отырып, сіз тек Ресейге ғана емес, адамзатқа қызмет етесіз. Мұндай батыл идея кез келген алауыздықты жеңеді және сіз, Путин мырза, бұл пайымды жүзеге асыруға күш-қуатыңыз бар, – дейді Трамптың жары.
Бірінші ханым Путиннің "балалардың әуезді күлкісін жалғыз өзі қайтара алатынын және оларды күлкісінен айырмауды" сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін 15 тамызда Аляскадағы әскери базада АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өткен еді. Келіссөздер бірнеше сағатқа созылды. Дегенмен Трамп Путинмен Украина мәселесі бойынша келісімге келе алмағанынайтты.

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
