AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларды еденге сүйреген": Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік балабақшаларда 15 әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді

Оқу-ағарту министрлігіне балабақшалардың жұмысына қатысты ондаған арыз-шағым түсіп жатыр. Өтініштердің арасында балаларды ұстау жағдайлары, сондай-ақ қызметкерлердің жұмысы мен балалардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіру туралы шағымдар бар. Соңғы түскен арыз-шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактілері бойынша 5 әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

балабақша

Ішкі істер министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға қатысты 15 әкімшілік іс қозғады. Резонанс тудырған оқиғалардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласындағы "Сәті" жекеменшік балабақшасында бүлдіршіндерге қатысты теріс фактілер тіркелген оқиға. Онда балабақша қызметкерлері балаларды еденге сүйреп, бұрышқа тұрғызып, еденге итеріп, жылауын тоқтатуға мәжбүрлеген.

“Атырау қаласындағы жекеменшік мектепке дейінгі мекемеде топтағы балалардың көп болуына байланысты тәрбиеші балаларға дұрыс бақылау жүргізбеген. Соның салдарынан балабақшаның үш тәрбиеленушісі 2019 жылы туған қызды ұрып-соғып, жарақаттаған”, – деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері. 

Қызылордада жекеменшік балабақшалардың бірінің жүргізушісі мекемеге 7 баланы алып келген. Балаларды балабақшаға кіргізген тәрбиешінің көмекшісі бір баланың көшеде қалып қойғанын байқамай қалған. Жүргізуші де балаға мән бермей, баланы қағып кеткен. Салдарынан бала ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Министрлік ұсынған мәліметтерге сәйкес, Теміртауда қыздың бетін көрпемен жауып, баланы тұншықтырмақ болған мұғалімге қатысты үкім шыққан. Сот тәрбиешіні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 120 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады. 

“Ақтөбе қаласындағы "Ботақан" жеке балабақшасының 4 жасар тәрбиеленушісі күндіз баспалдақтан құлау салдарынан тамақ аймағынан (иек асты) дене жарақатын алды. Оқиға туралы ата-анасына ешкім айтпаған, ата-ана оқиға туралы кешкі уақытта ғана біледі. Балабақша әкімшілігі балаға алғашқы медициналық көмек көрсетпеген. Ата-ананың осы жайды анықтап беруін сұрағанда  балабақша меңгерушісі "Балаңызды біздің балабақшадан алыңыз, ұнамаса әкелмеуіңіз керек еді" деп дөрекі жауап берген.
Балалар емханасында балаға тігіс салынып, жараның ауырлығына байланысты антибиотиктер тағайындалды”, – делінген министрлік хабарламасында.

Учаскелік полицейлер балабақшадан тәркілеген бейнежазбаға сәйкес, бала дене жарақатын алғаны расталған. Видеода бала жылап, иегінен ұстап, өзі дәретханаға барады, қанды өзі жуады, топқа барып, жатады. Бейнежазбада балалар өз беттерімен қалып, ересектерсіз балабақшаның екінші қабатында жатқаны да байқалады. Тәрбиелеуші  20 минут өткен соң ғана келіп, 4 жасар қыздың жейдесін ауыстырған.

Айта кетейік, балабақша ашу және жұмыс істеу үшін уәкілетті органға хабарлама жіберу жеткілікті. Сонымен қатар мемлекеттің балабақшаларда қандай жағдай жасалғанын, қабылданған тәрбиешілердің біліктілігі қандай, санитарлық-өрт жағдайы ең төменгі талаптарға сай ма, соны бақылау қызметі жоқ. Білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйымдарды аралап, тексеруге заңды құқығы жоқ.

Осыған байланысты балабақшалардың лицензиясын қайтару қолға алынып жатыр. Бұл балабақшалардағы жағдайдың сапасына, қызметкерлердің біліктілігіне, санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына, тамақ өнімдерінің сапасына, бейнебақылау камераларының жұмысына және т.б. талаптарды белгілейді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр