Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларды дамыту орталықтарының қызмет құны бір жылда 11%-ға өсті

2022 жылдың жылдың үшінші тоқсанында ҚР барлық білім беру мекемелерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында көрсеткен қызмет көлемі 158,7 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,5%-ға артық.

Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі Түркістан облысына тиесілі. Жылдық өсімі 41,9%, яғни 21 млрд теңгеге тең. Одан кейінгі жоғарғы үлес Алматыда – 17,2 млрд теңге, оған қоса жылына 44,9% өсім. Жамбыл облысы үздік үштікке кірді, онда 13,4 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.

Биыл қызмет көрсету көлемінің жылдық өсімі елордада (69,5%-ға, 12,9 млрд теңгеге дейін), ең азы – Қарағанды облысында (4,3%-ға, 7,5 млрд теңгеге дейін) байқалды.

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің негізгі бөлігін мемлекеттік кәсіпорындар көрсетеді. 2022 жылдың үшінші тоқсанындағы көрсеткіш 90,9 млрд теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,7%-ға артық. Жеке кәсіпорындарға 67,2 млрд теңге (36,3%), шетелдік кәсіпорындарға 508,5 млн теңге (54,7%) тиесілі.

Биыл қараша айының қорытындысы бойынша балаларды дамыту орталықтары қызметтерінің құны 11,3%-ға өсті.

Баға өсімі Жамбыл облысында байқалды, онда орталықтар қызметі 39,3%-ға қымбаттаған. Антилидерлердің үштігіне Солтүстік Қазақстан ( 36,4%) және Түркістан (35,1%) облыстары да кіреді. Салыстырмалы түрде Алматыда баға өспеді, айырмашылық 1,1% ғана.

Талқылау