Балалардан қазақша сөйлеуді талап еткен бокс жаттықтырушысы орыстілділерден кешірім сұрады
Балалардың қазақша сөйлеуін талап еткен бокс жаттықтырушысы Мұхит Амантаев орыстілділерді ренжіткені үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нартай Аралбайұлының Youtube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Нартай Аралбайұлының Youtube-арнасынан
"Мен эмоциямды жасыра алмайтын адаммын. Кейде жаттығу кезінде ашумен аздап артық кетіп жатамын. Менің жаттықтырушы болғаныма бес жыл болды. Залда қазақ балаларының бір-бірімен қазақша сөйлескенін қалаймын. Мен балаларды жаман әдеттерге үйретпеймін. Әрине, алдында айтқаным қате болды. Ол үшін кешірім сұраймын", – деді Мұхит Амантаев.
Айта кетейік, бұған дейін бокс жекпе-жек жаттықтырушысы Мұхит Амантаев жаттығу залында балаларға ашуланып, спорт залында тек қазақша сөйлеуді талап еткен еді. Ол балаларды оңбағандар деп атап, қазақы намыс болу керек екенін айтқан болатын.
Сондай-ақ үш баласы бар екенін айтқан ол, екі ұлының қазақы екенін, ал қызының орысша сөйлейтінін жеткізді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”