"Балалар жесе, қайтер еді": Таразда нан ішінен шыққан шеге жұрттың жағасын ұстатты

Тараз қаласында тандыр нанның ішінен шыққан шеге жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

коллаж

Сол күні «Мыңбұлақ» шағын ауданының тұрғыны Лаура Азатбекова үйдің жанындағы дүкенге барып, әдеттегідей нан алып келеді. Кейін түскі ас ішіп отырып тандыр нанның ортасынан шыққан шегені көреді. Кейін ол нанның ішінен шыққан шегені видеоға түсіріп алады. 

«Сол күні балалар үйде болмай қалып сақтады. Әйтпесе, олар нанды тістеп жесе, не болатын еді?! Алдағы уақытта санэпидқадағалау мекемесі мұндай жағдайларды болдырмауы үшін барлығын тексеріп шықсын», - дейді Лаура Азатбекова. 

Аталған дүкенге нан жеткізіп отыратын наубайхана шаһардағы бұрынғы көк базар маңында орналасқаны белгілі болды. 

«Біз тек шағымданушылардан келіп түскен арыз болса жұмыс істейміз. Шағымға байланысты жоспардан тыс тексеріс кезінде нысанда кемшіліктер анықталып жатса, әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 425-бабы, 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынады. Мұнымен қатар, анықталған кемшіліктерге қатысты белгілі бір нұсқамалар беріледі», - деді Жамбыл облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тағам объектілерін санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Мағфуза Давилова.  

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Алматы тұрғынының шұжық ішінен пластмасса тауып алғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр