Балалар жазушысы күйеуімен бірге өгей балаларына қорлық көрсеткені үшін сотталды
Флорида штатындағы балалар жазушысы, "Нағыз дос" кітабының авторы Дженнифер Вольфталь мен оның күйеуі Джозеф асырап алынған үш балаға қорлық көрсеткені үшін тиісінше 12 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: NY
Ерлі-зайыпты балаларға қорлық көрсеткені үшін кінәсін мойындады.
Ерлі-зайыптыға қатысты тергеу 2021 жылы Джозеф Вольфталь сегіз жасар асырап алған қызын ауруханаға әкелген кезде басталды. Сол кезде қыз ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер тексеру барысында балаға пневмония, стафилококк инфекциясы және бауыр жеткіліксіздігі деген диагноз қойды. Ол арық болып, денесі көгеріп кеткен.
Полицейлер ерлі-зайыптыны ұстап, балаларын алып кеткен. Жауап алу кезінде Дженнифер мен Джозеф балаларды әртүрлі жолмен жазалағанын, соның ішінде бөлмеге қамап, "Мен ақымақпын" деп жазуға мәжбүрлегенін мойындады. Сондай-ақ зардап шеккендер аш қалғаны, денелері көгергені анықталды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"