Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалар жалғыз емес екенін білуі тиіс": Мектептерде буллингке қарсы бағдарлама енгізіледі

Оқу-ағарту министрлігі барлық білім беру ұйымдарында қолданылатын буллингке қарсы бірыңғай бағдарлама әзірлеп жатыр. Бұл жайлы оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ашық дереккөз

Бұл бағдарламаны дайындау үшін мамандар талдау жүргізіп, статистикалық мәліметтерді зерттеп шыққан. Зорлық-зомбылықтың қауіпті фактілерін де анықтаған. Осы мәселелерді зерделей келе қандай ресурстарды пайдалануға болатынын белгілі болды. 

"Бағдарлама аясында балаларға буллингтің не екені түсіндіріледі. Балалар мен мұғалімдер бір-бірін түсініп, мәселелерді бірге шешуді үйренеді. Балалардың жалғыз емес екенін білуге тиіс. Мектептерде проблемалар туындаса, ересектермен сөйлесуге болатын орындар жасалады. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар бірге жұмыс істейді. Аталған бағдарлама тәрбие компонентіне, сынып сағаттары мен ата-аналар жиналыстарын өткізу бөлігінде болады", - деді оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.

Буллингке қарсы бағдарламаны іске асыру тиімділігінің мониторингі онлайн-модуль және буллингтің әкімшілік деректерін ай сайын жинау арқылы жүргізілетін болады. 

Сонымен қатар жаңа оқу жылының басынан бастап барлық білім беру ұйымдарында отбасында балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін ата-аналарды қолдау орталықтары құрылады.
 
 

Талқылау