Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ПТР сертификаты болмаса, ұшаққа кіргізілмейді": Қазақстандықтарға баламен саяхаттау ережелері түсіндірілді

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева қанша жастағы балалар Қазақстанға келетін ұшақтарға ПТР тестсіз кіре алатыны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шетелден Қазақстанға келетін ұшақтарға 5 жасқа толмаған балалар ғана ПТР тестінсіз кіргізіледі. Қалған жастағы отандастарымыздың барлығынан коронавирус жұқтырмағаны туралы анықтама талап етіледі. 

"Коронавирустың таралу деңгейі мен жас мөлшері бойынша жұқтыру ықтималдылығына байланысты шетелден келген 5 жасқа дейінгі балаларға ПТР тестінсіз ұшаққа кіруіне рұқсат беріледі. 5 жастан жоғары балаларға және ересектер коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР тесті міндетті", - дейді Айнагүл Қуатбаев. 


Талқылау