AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балалардың үсті-басы құм-құм болып келеді": Қызылорда облысында оқушылар құлағалы тұрған мектепте оқуға мәжбүр

Қызылорда облысы Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектеп бүгінде жарамсыз күйге жеткен. Қабырғасы 1984 жылы қаланған білім ұясының құлау қаупі күннен-күнге артып келеді. Кез келген уаұытта төбесі опырылып құлап түсуі мүмкін. Соған қарамастан оқушылар мен ұстаздар қауымы қауіпті ғимаратта білім алуға мәжбүр. Ауыл халқы осылай деп жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Ауыл тұрғыны Ақан Төлешовтың айтуынша, пайдалануға берілгеніне 40 жылға жуық уақыт болған мектепте бүгінде 300-ден астам оқушы оқиды.

“Балалардың қауіпсіздігіне ешкім кепіл бола алмайды. Іргетасы сөгіліп, әбден тозы жеткен ғимараттың кез келген уақытта опырылып түсуі мүмкін. Мұндай қайғылы жағдайға жеткізбей, жаңа мектеп салу ісін жеделдету қажет. Әр күн сайын балалар мектеп қабырғасында сабақ уақыты аяқталғанша қорқынышпен отырады. Үйлеріне ғимарат қабырғаларынан үгітіліп түскен құмнан үстіндегі киімдері мен шаштары бүлініп келеді”, – дейді ауыл тұрғыны.

Балалардың көктемгі демалысқа үлкен қорқынышпен жеткенін айтқан ауыл халқы, күн жылынып, жер қарайған тұста, апатты ғимараттың қаупі одан бетер арта түспесе деп қорқып отыр. Себебі қыста жауған қардың еріп, қабырғалардың ылғал тартуы салдарынан онсыз да қақырап тұрған қабырғалары опырылып, төбесі ортасына түспесе деген қорқыныштары басым.

Ал ауыл әкімі Мәулен Қайруллаев аталмыш мәселеге орай аудандық, облыстық әкімдік пен жауапты басқармалар хабардар екендігін жеткізді.

“Білім ордасының апаттық жағдайда тұрғаны жасырын емес. Балалардың қауіпсіздігіне бәріміз алаңдаулымыз. Бүгінде ғимаратты апвттық деп тану арқылы жаңа білім ордасын салу жоспарланып отыр. Нақты уақытта жаңа мектеп салуға жер сұрап ауылдық округі әкімнің аппаратына өтініш түсті. Жерді алдын ала таңдау жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс нысанына қажетті қаржы мәселесімен облыстық білім басқармасы айналысуда”, – деді ауыл әкімі.

Ауыл әкімінің сөзіне сүйенсек, бүгінде білім ордасында оқушыдардың қауіпсіздігі үшін тиісті шаралар атқарылуда, Қолданысқа жарамсыз кейбір кабинеттер жабылып, кейбіріне уақытша жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Осы орайда мектеп ғимаратын салуға қажетті жер телімін таңдауда да қиындықтар туындауда. Себебі, жаңа мектеп ғимаратын ауыл шетінен жер таңдалып, салыну жоспарлануда. Кейбір ауыл тұрғындары тарапынан бұл жер келешекте балалардың қатынап оқуына қиындық тудыратыны айтылып, наразылықтарын туғызып отыр. Жаңа блім ордасы ауыл орталығынан салынса деп талап-тілектерін білдіруде. 

 

Дайындаған Ербақыт Жалғасбаев

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр