Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалар үйінің тәрбиеленушісі 4 күннен бері табылмай жатыр

Қызылорда облысының полиция департаменті қаладағы "отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы" үйінің тәрбиеленушісі 2004 жылы 27 тамызда дүниеге келген Ділда Мусабековна Нугмановаға іздеу салады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол наурыздың 25-і сағат 02:00 шамасында тұрғылықты мекен-жайынан белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

Белгілері бойынша: бойы 175 см, шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған. Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім. Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз.

Тел: 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25

Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр