"Балалар балмұздақ дүкенінде туған күн тойлап жатқан": Калифорнияда атыс болып 4 адам қаза тапты

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Стоктон қаласында кішкентай баланың туған күнін балмұздақ дүкенінде тойлау кезінде атыс болды. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 10 адам жараланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаланың вице-мэрі Джейсон Ли оқиға балалардың туған күнін тойлау кезінде болғанын растады.
ВВС ақпаратынша, шабуылдаған адамның кім екені әлі анықталмаған. Жергілікті билік қазіргі уақытта қосымша мәлімет бермей отыр.
CBS телеарнасының хабарлауынша, 14 адам зардап шегіп, олардың 4-еуі көз жұмған. Жәбірленушілердің ішінде балалар да, ересектер де бар.
Шериф өкілі Хизер Бренттің айтуынша, бұл "әдейі жасалған оқиға" болуы мүмкін.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді