Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүлдіршіндер ата-анасымен қауышқан: Алматыда 30 жылдық тарихы бар балалар үйі жабылды

Алматыда 30 жылдық тарихы бар "Үміт үйі" балалар үйі жабылды. Мекемеде тәрбиеленген балалар өз отбасыларына қайтарылған. Бұл туралы "Ана үйі" қоғамдық қоры мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

отбасы

Мекемеде ата-анасы түрлі жағдайларға байланысты уақытша қамқорлық жасай алмаған 33 бала тәрбиеленіп келген.

"Ана үйі" қорының "Аналар үйі" ресурстық орталығының өкілдері мекемедегі балалардың ата-аналарымен жұмыс жасаған. Нәтижесінде бір айдың ішінде барлық балалар отбасыларына қайтарылыпты.

"Ана үйі" қорының атқарушы директоры Ажаркүл Қылышбаева қиын өмірлік жағдайға тап болған ата-аналарға іс жүргізу қағидаты бойынша көмек көрсетілгенін - олардың балаларымен қайта қауышуы үшін қажетті көмек көрсетілгенін атап өткен.



"Біздің қор отбасылардың бірлігін сақтауға және балаларынан айырылмауға көмектесу үшін мұқият және ыждаһатпен жұмыс істейді. Біз әрбір кішкентай баланың өз отбасының сүйіспеншілігі мен қамқорлығында өсіп, дамуы үшін жағдай жасауға тырысамыз. Өйткені, біз балалар үйінің ата-ана жылуының орнын баса алмайтынын жақсы түсінеміз және біздің басты мақсатымыз – балалардың осы мекемелерде аз уақыт өткізіп, жақындарының құшағында дені сау, бақытты болып өсуі үшін жан-жақты қолдау көрсету", - дейді Ажаркүл Қылышбаева.

Қор Алматыдағы бұл жұмыс тәжірибесінен еліміздегі өзге балалар үйі үлге алады деп үміттенеді. 

Талқылау