Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалар арасында вирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр: Жандарбек Бекшин ата-аналарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ата-аналардан балалардың денсаулығына селқос қарамауын өтінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті ата-аналар, балалардың денсаулығына селқостықпен қарамауларыңызды сұранамын! Мектеп жасындағы дәстүрлі түрде оқып жатқан балалардың арасында коронавирус жұқтырғандардың өсуі байқалып отыр", - деді Алматының бас санитар дәрігері өңірлік ОКҚ онлайн-брифингте.

Жандарбек Бекшин ата-аналарынан вирус жұқтырып жатқан балалар да бар екенін айтып, ойын-сауық орындарына бармаған жөн екенін жеткізді. 

"Сонымен қатар отбасы мүшелерінің де коронавирус инфекциясын алып келуі де жоққа шығарылмайды. Яғни, клубтар, ресторандар және тағы басқа адамдар көп жиналатын жиындардан алып келетіні анықталып отыр. Осы қарапайым талаптарды орындау қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі және эпидемиологтардың жұмысын жеңілдетеді. Өзіңізді және басқаларды COVID-19-дан қорғаңыз", - деді ол.

Талқылау