Балалар үйінің қызметкерлері 118 баланы жасырын зорлап келген (фото)
118 бүлдіршін зорланған балалар үйі әлем халқын жаға ұстатты. Балалар үйінің бұрынғы түлектері көрген азабын айтып берді.
Ұлыбританияның Суррей патшалығындағы Бичхолм балалар үйінде 20 жыл ішінде 118 бала зорланған. 1957 жыл мен 1974 жылдар аралығында 3 жастан асқан бүлдіршіндер зорланған.
Балалар үйінің бұрынғы түлектері бас көтеріп, кінәлілердің жазалануын талап етуде. Айтуларынша, оларды ер адамдар да, әйелдер де зорлаған. Тіпті сырттан әдейі көңіл көтеру үшін келетіндер де болған.
Бичхолм балалар үйі 1879 жылы кедей балалар үшін ашылған. Балалар үйін ауқатты адамдар қамтамасыз етіп келді. Олар балалардың өмірі үшін де жауапты болды. Алайда 1957 жылы соғыстан соң балалар үйі нағыз азап алаңына айналды.
118 адам бұрын көрген зорлығын ашық айтып, балалар үйінің әкімшілігін айыптады.
«Балалар үйіне 5 жасқа толмай келдім. Мені үнемі ұратын. Шешіндіріп ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлейтін», – дейді балалар үйінің бұрынғы резиденті Граем Серджант. Балалар үйіне 5 жасқа толмай келдім.
Ал 67 жастағы Мартин Стюард бір кездері өзіне қол салмақ болыпты. Оған бала күнінде зорлыққа түскені себеп. Соның кесірінен әлі де отбасын құрмаған.
«Бізді бірінші күннен бастап ұрып-соғып, суық ваннаға шомылдырды. Аптасына екі рет қатынасқа түсуге мәжбүрледі. Мен олардың түрін жатқа білем. Бірақ аттары есімде жоқ»,- дейді ол.
Тағы бір жәбірленуші Дженнис Уильямс 51 жаста. Ол 5 жасында ағасымен бірге балалар үйіне түскен. 14 жасынан бастап Дженнис 5 рет өзіне қол салмақ болған. Сондықтан ағасы оны үнемі бақылауында ұстап келеді.
«Көзімді жұмсам бірнеше адам денесін көрем. Ағам бөлмеге кіріп қалғанда мені 4 адам зорлап жатты. Олардың арасында ерлер де, әйелдер де бар. Ағам ешнәрсе істей алған жоқ. Өйткені, өзі де бала болды», – дейді Дженнис.
Полицейлер сот болмай тұрып бұл істің кемінде 4 жыл жүргізілетінін айтты.
Тағы да оқыңыз:
2017 жылы қазақстандықтарды жылатқан 10 оқиға