Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балағат сөздерді айту денсаулыққа пайдалы екені анықталды

Ұлыбритания ғалымдары балағат сөздер ауырсынуды басатын тиімді құрал бола алатынын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеушілер адамның балағат сөздер айтқан сәтте эндорфиндер - мида пайда болатын және анальгетикалық әсер ететін заттар бөлінетінін атап өтті. Алайда, ғалымдардың айтуынша, ұятсыз сөздер боғауыз сөздерді сирек қолданатындарға ғана әсер етеді.

Сауалнамаға қатысқан адамдардың 28 пайызы боғауыз сөз Ұлыбританиядағы екінші оқшаулау кезінде тыныштықты сақтауға көмектескенін, ал 41 пайызы кейде ынта-жігерін көтеру үшін өзіне-өзі ұрысқанын айтты.

Сонымен қатар зерттеушілер Clementine қосымшасын қолданушылардың 36 пайызы стрессті азайту үшін әдепсіз сөйлейтінін анықтады,  ал 27 пайызы балағат сөздер жаман күнде өзін жақсы сезінуге көмектесетінін айтқан.

"Балағат сөздер ауырсынуды басатын, көңіл-күйді көтеретін, тіпті әлеуметтік қарым-қатынас құралы бола алады. Іс жүзінде қолданылған боғауыз сөздер эндорфиндер мен табиғи ауырсынуды басатын дәрілердің қанға шығарылуын ынталандырады. Бейәдеп сөйлеу мидың екі жарты шарына да әсер етеді: сол жарты шардағы тіл орталығы және оң жарты шардағы эмоционалды орталық, бұл адам денсаулығына оң әсер етеді", - деп түсіндірді тіл маманы доктор Эмма Бирн.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр