Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 теңгелік балмұздақ пен тәтті вата: Jusan ToylaFest-те балаларды қалай қуантты?

Мереке күндері Алматыда Toyla Music Festival өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары мұнда заманауи музыка тыңдап, шығыс базарын аралап, тағамдардан дәм татты. Jusan шараға ерекше серпін берген ойын ұйымдастырды. Әсіресе, жас бүлдіршіндер қызықты тапсырмаларды құлшыныспен орындап, қаржы сауаттылығы бойынша ақпарат алды. Stan.kz тілшісі фестивальге қонаққа барып, шараның қалай өткенін тамашалады.

Фото: Алмаз Толеке

Jusan-ның имидж жобалар жөніндегі тимлиді Әсем Зәмзам компания ұйымдастырған алаңмен таныстырып өтті.

"Біз бұл фестивальде отбасылық мереке ұйымдастырғымыз келді. Алдымен қонақтарымыз мобильді қосымшаны жүктеп, Jusan Family картасын ашуы қажет. Оларға квест-тапсырмалар берілді, грим жасап, Jusan түлкісімен суретке түсіп, әлеуметтік желіге жариялауы қажет болды. Әрі қарай ойындар алаңына барып, тирде балл жинап, дженга ойнап, твистерде ептілігін көрсетеді. Барлық тапсырманы өткен адам өзіне ұнайтын таңдап, футболкасының дизайнын жасайды. Қорытынды кезеңде арнайы сыйлықтардың бірін ұтып алады", - дейді Әсем.

Әсем Зәмзам, фото: Алмаз Толеке

Jusan картасын ашу арқылы қонақтар тек сыйлықтар ұтып қана қоймай, балмұздақ пен тәтті ватаны бар болғаны 1 теңгеге алу мүмкіндігіне ие болды. Сондықтан Jusan алаңындағы қонақтар саны да әлдеқайда көп болды. Олар тәтті тағамдарды алып, арнайы шатырларға жайғасты.

Фото: Алмаз Толеке

"Фестивальді толық аралап шығып, Jusan алаңында көп адам жиналғанын көріп, қызығушылықпен біз де осында келіп алдық. Жансая есімді менеджер осы жерде тұрып-ақ, Jusan картасының артықшылықтарын түсіндіріп берді. Әзірге өз атыма карта ашып алдым, баламыз мектепке баратын кезде оған да осы банктен карта ашамыз деп ойладық. Бізге осы Jusan алаңындағы атмосфера қатты ұнады", - дейді фестивальге отбасымен келген Анжела.
Оның айтуынша, мұндай шаралар ата-ананың да, баланың да қаржылық сауаттылыққа деген қызығушылығын арттырады.

"Меніңше, мұндай карта балаға да, анаға еркіндік береді. Себебі бала  сауда жасау кезінде анасына айтып, түсіндіріп отырмайды. Өз қалауын жасайды. Бірақ бұл шектен шығып кетпейді, себебі анасы оның "ақша жұмсау тарихын" бақылап отырады. Айтпағым, бала да әр саудасы үшін рұқсат сұрап, жалынбайды, өз ісіне өзі жауап беріп үйренеді. Ана да қайта-қайта елеңдеп, баласының мазасын алмайды", - дейді ол.

Фото: Алмаз Толеке

Шараға 10 жасар қызын ертіп келген Назира өзіне де, қызына да Jusan Family картасын ашқан. 

"Балаға күнделікті ақшаны қолма-қол беріп жүргеннен гөрі картаға салып берген дұрыс деп ойлап жүр едім. Себебі қолма-қол берілген қаражатты жоғалтып алуы немесе дұрыс қолданбауы мүмкін. Ал карта болған кезде қызымның ақшаны қайда жұмсағанын бақылап отырамын. Ол өзі де есеп беріп, бір айда жұмсаған қаражатын нақты біледі. Бүгін фестивальге келгенде осындай мүмкіндікке ие болғаныма қатты қуанып, ойланбастан өзіме де, қызыма да Jusan картасын аштық", - дейді Наргиза.

Оның айтуынша, алғашқы банктік картасын қалай ашқаны қызының есінде мәңгілік сақталып қалады.

"Осы жерде ойын ойнап, тапсырмалар орындағанымыздың өзі қызық болды. Барлық тапсырмадан ынта-жігермен өтіп, соңына келіп, өз сыйлығымызды алдық. Мынадай салқын ауа-райында қызым өзі суретін таңдап, Jusan картасы мен футболкасын жасатып алды. Ал мен термос ұтып алдым, енді жылы шәй ішетін болдық. Меніңше, қызым өзінің алғашқы банк картасын қалай ашқанымызды ешқашан ұмытпайды", - дейді ол.

Фото: Алмаз Толеке
Toyla Music Festival отандық өнімдердің ірі жәрмеңкесіне ұласып, музыкалық кешпен аяқталды. Шараға заманауи қазақстандық әншілер Dequine, Rusha, Kilemger, Ayau, Lili-мен қатар, британдық Hurts тобы да қатысты. Олар өздерінің хит туындыларын орындады. Фестивальдің көңілді өтуіне Алматыдағы толассыз жауын мен дауыл да кедергі бола алмады. 

Айта кетсек, Jusan Family картасын үйде отырып-ақ, қосымшаның көмегімен ашуға болады. Бір мезетте ата-аналар балалары үшін 3 карта аша алады. Балалар картасы қауіпсіз: онымен темекі, алкоголь, құмар ойындарды, сондай-ақ 18+ санатындағы тауарларды сатып алуға тыйым салынған. Сонымен қатар балалардың картасы толығымен ата-ана бақылауында болады. 

Талқылау